BİLİMJAŃALYQTAR

ЖАТАҚХАНАЛАР ЖАҒДАЙЫ

7 күннен соң жаңа оқу жылы басталып, қалаға оқуға түскен жастар алыс аймақтардан келеді. Біразының жатын орнын білім ошағы қамтамасыз етеді. Осыған орай білімгерлер тұратын жатақханалар жағдайы тексерілді.

М.Х.ДУЛАТИ Тараз өңірлік университетінің білімгерлер қарамағында 3 жатақхана бар. 1118 студентті жатын орын мен қамтамасыз ете алатын университет жатақханасында былтыр 200 орын бос қалған.

Жатақхана жайын білу үшін мұнда “АMANAT” партиясы жанындағы “Jastar Ryhy” жастар қанатының мүшелері мониторинг жүргізді. Аталған білім ошағының жатақханасына орналасуға әзірге 240 өтініш келіп түскен. Ал ай сайынғы төлемі 5 000 теңге. Мұндағы жауапты маманның айтуынша құжаты түгел, өтініш білдірген барлық білімгерге жатын орын жеткілікті.

– Бірінші курс студенттері үшін қабылдап жатырмыз өтінішті 25 не дейін қабылданады. Қазіргі таңда 240 өтініш келіп түсті. 28 нен 31 не дейін қалған екінші бесінші курс студенттеріне арналған өтініш қабылданады,-дейді Алуа Назарбекова, М.Х.Дулати атындағы тарөу қызметкері

Еске салсақ құрылысы осыдан төрт жыл бұрын біткен жаңа студенттер үйі әлі күнге дейін бос тұр. Мұның себебі құжаттары әлі реттелмеген екен. Аманат партиясының төрағасы Дауыл БЕЙСЕНҚҰЛОВ бұл мәселе депутаттардың алдында көтерілетінін айтты. Сондай ақ қандайда бір көмек керек болса өз ықпалдарын тигізетінін жеткізді.

– Егержатақханажетіспеушілігіорыналыпжатқанжағдайдабіздеықпалжасасақдейміз.Мынау үлкен төрт жыл бұрын біткен жатақхана мәселесін шешуге бізде атсалысайық. Депутаттардың алдында көтереміз мәселені,-дейді Дауыл Бейсенқұлов, «Аmanat» партиясы ЖО филиалының төрағасы

Айта кетейік жалпы, мекемелерді тексеруге кіріскен топ шараны барлық оқу орындарына қарасты жатақханаларда өткізбек.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *