JAŃALYQTAR

КАНАЛДАР ҚАЙТА ҚАЛПЫНА КЕЛТІРІЛУДЕ

Ауыл тұрғындары алға қойған басты мәселе – суармалы егістіктерді қалпына келтіру. Осы мақсатта Шу ауданында каналдарды қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Жоба ирригациялық-дренаждық жүйелерді жетілдіру жобасы бағдарламасы аясында министрліктің су ресурстары комитетінің арнайы тапсырысы бойынша жүзеге асуда.

2019-2021 жылдар аралығында ПУИД-2 ирригациялық-дренаждық жүйелерді жетілдіру жобасы бойынша жұмыстар басталып, аталған жоба аясында ауданның 12 шаруашылық каналы және 2 коллектор жүйесі жөнделуі тиіс еді. Жауапты иран компаниясы биыл наурыз айында басталған жұмыстың аяқталу мерзімін келер жылдың аяғына дейін деп жоспарлаған.  Айта кетерлігі, аталған 12 каналдың алтауы Дулат ауылдық округіне қарасты.

Найман СҰЛТАНБАЕВ ДУЛАТ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ

Қазір жұмыс қарқыны жаман емес. Беру уақыты 23 айға жоспарланған, келесі жылға. Бірақ, биыл бітіріп береміз деп отыр. Қазір Госфонд каналын бітірді. Сапасы да жақсы. Жергілікті жердің жұмысшыларын да алып отыр.

Яғни, Андреевка және Госфонд нысандары 2024 жылды күтпей, мерзімінен бұрын халық игілігіне берілмек. Жауаптылардың айтуынша, бүгінгі күнге лотоктар толық қойылып, жалпы жұмыс 95 пайызға аяқталған.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *