Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментінің «№59 мекемесінде» қорытынды жиналыс өтті
Бүгін, ҚАЖ департаментіне қарасты №59 мекемесінің мәжіліс залында мекеменің бөлімшелері және 5513 әскери бөлімінің рота басшыларының қатысуымен 2023 жылғы атқарылған жұмыс нәтижелері бойынша департамент бастығының орынбасары әділет полковнигі Қанат Жарылғапов қорытынды жиналыс өткізді. Жиналыста мекеме бастығы әділет полковнигі Руслан Уразметов атқарылған жұмыстары бойынша баяндама жасады. Қорытынды жиналыс соңында департамент бастығының орынбасары мекемеде өткен жылы жүргізілген жұмыстарды алдағы 2024 жылы да қарқынды түрде жалғастыруға тапсырма берді.
ҚР Ұлттық Ұланның 5513 әскери бөлімінің рота командиры Павел Кадацкий 2023жыл қорытындысы бойынша өз қызметтерін үздік атқарғаны үшін №59 мекемесінің бірқатар қызметкерлерін алғыс хатқа ұсынылғанын жеткізді.