JAŃALYQTAR

ТАЛАСТА БИЫЛ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНДА 8550 МЛН ТЕҢГЕНІҢ ӨНІМІ ШЫҒАРЫЛДЫ

Жамбыл облысы аграрлы аймақ. Егін егуге жері қолайлы, төрт-түлік ұстауға табиғаты тамаша. Осы мүмкіндікті мүлт жібермеген шаруалар мемлекеттің жан-жақты қолдауын көруде. Бір ғана Талас ауданында ағымдағы жылдың алты айының қорытындысына сәйкес мүйізді ірі қара 32 мың, қой-ешкі 433 мың, жылқы 13 мың басқа артты. Бұл өткен жылмен салыстырғанда көрсеткіш әрқайсысынан 100 пайызға артық. Ал, сонау тәуелсіздік жылдарынан бері мал басы екі есеге артып, егін шаруашылығы да түрлі техниканың арқасында өркендеп келеді. Енді осы саладағы аудандағы соңғы жетістіктер мен атқарылған жұмыстарды жіті талдап, жіктеп көрсек.

Талас ауданында биыл ауыл шаруашылығында 8550,4 млн. теңгенің өнімі шығарылды. Оның басым бөлігі мал және өсімдік шаруашылығынан өндірілген тауарлар. Аудандық ауылшаруашылығы бөлімінің басшысы Ауданбек Ерубайды сөзге тартқанымызда тиесілі индекаторлардың өз межесінде жүзеге асуы мемлекеттік бағдарламалар мен қолдаулардың нәтижесінде екенін жеткізді.

Әр ауылдық округпен тығыз байланыстамыз. Шаруалардың жұмысын көріп қана қоймай, олардың ары қарайда дамуы мен қанат жаюына қажетті мемлекеттік жобаларды жіті түсіндіру жұмыстарын тоқтатқан емеспіз. Нәтижесінде «Агробизнес» бағдарламасы бойынша «Аграрлық несие коорпорациясы» арқылы Қаратау ауылдық округіне тиесілі «Нұр-Ислам» шаруа қожалығы 24, 0 млн. теңге несие алып, қорадағы төрт-түлік санын арттырды. Сондай-ақ Берікқара ауылдық округінде орналасқан «Омар» шаруа иесі 40,0 млн теңге жеңілдетілген несие алып, 571 бас қой,  30 бас асыл тұқымды жылқы сатып алды. Аймақта  сондай-ақ «Әулие-Ата» несие серіктестігінің қолдау көздеріне қызығатын кәіпкерлер көп. Аталған қаржы ұйымы арқылы 7  шаруа қожалық 85,92 млн теңге несие алған екен. Міне, төрт-түлік санының артуына соңғы жылдары сеп болып жүрген жоғарыдағы қаржылық ұйымдар. Талап-шарттары оңтайлы, жеңілдіктері де бар. Ең бастысы пайызы төмен болып табылады – дейді Талас ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *