JAŃALYQTAR

ТІЛГЕ ЖАНАШЫРЛЫҚ ӘР АДАМНЫҢ ЖҮРЕГІНДЕ

Мемлекеттік тілге деген құрмет әрбір қазақстанның бойынан табылса, еліміздің болашағы жарқын болатынына сенім зор болмақ. Бәрін жоқққа шығаруға болмайды. Тіл саясатында қадау-қадау жұмыстар атқарылуда. Қазақ тілі десе, жан беретін азаматтар да жетерлік. Солардың қатарында Тараздағы Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары.

Ғабит Мүсірепов айтқандай Ана тілін ұмытқан адам өз халқының өткенінен де, болашағынан да қол үзеді. Бір қуантарлығы Қазіргі таңда қазақ тілін меңгеріп жүрген жас жеткіншектер саны артып келеді. Мектеп қабырғасынан түрлі олипиадаларға қатысып жүрген тіл жанашырларының саны артуда. Оған дәлелдер жетерлік//

Еңлік ӨМІРЗАҚ НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕБІНІҢ  ОҚУШЫСЫ

мен желілік деңгейден өтіп, Республикалық деңгейге жолдама алдым. біз бұл жақта сабақтарды өте қызықты өткіземіз, шығармаларды зерттеп, тілді құрметтеу, мәртебесін артттыру сынды түрлі мәселелерді қарастырамыз. Менің ғылыми жобаларды жазуыма, зерттеу жұмыстарыма септігін тигізген осы пәндерге деген махаббатым ынталандырды десем болады

Тілге деген құрмет бір шаңырақ астында өмір сүріп келе жатқан өзге ұлт өкілдерінің де бойынан табылады. Мәселен Исламнұрдың ұлты дүңген, 5 жасынан бастап қазақ тілін жетік меңгеріп, қазір де жарыстарда топ жаруда. Айтуынша алдағы мақсаты – қазақ тілін дамыту екен.

Исламнұр ХУСАИНОВ НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕБІНІҢ  ОҚУШЫСЫ

 Қазақ тілі-бірнеше мағыналы сөздерге ие, қанатты сөздерге ие тіл//…мен көбінесе бастауыш мектептегі кітаптарды оқып қызығушылығымды арттырдым. Мысалы Абай Құнанбайұлы, Ахмет Байтұрсынұлы, Ілияс Жансүгіров сынды ақын-жазушылар, 3 бәйтерек пен 5 арысты оқып қазақ тілін меңгерудемін//

Жалпы зияткерлік мектебінің 2 оқушысы қазақ тілі  бағытындағы Республикалық жарыстардан  топ жарды, 4 жеңімпаз желілік олимпиада да  бой көрсеткен. Алдымен мектепішілік жарыстарда, одан соң желілік олимпиадаға қатысып, жүлделі орынды иеленген оқушылар «Дарын» Республикалық пәндік олимпиадасында бақтарын сынайды. Осылайша үздіктер бүкіл Республикаға қазақ тілін меңгергендігін танытуда.

Алмагүл ӨТЕШОВА ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТ ПӘНІНІҢ МҰҒАЛІМ-САРАПШЫСЫ

Қазіргі таңда қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде жүзеге асырылуы оқушылардың жарыстарға қатысуымен байланысты//…оқушылар тек сабақ үстінде ғана қазақ тілінде білім алып қоймай, мектептен тыс уақыттарда да тілді жетілдіріп жүр. Мысалы түрлі кітаптарды оқып, білімдерін арттырмақ//

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *