ТАРАЗ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ ХАЛЫҚПЕН КЕЗДЕСТІ
Бүгін Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков номер 1-ші округ тұрғындарымен кездесті. Жиында спорт алаңдарын салу, ағаш отырғызу, жол жөндеу сынды өзекті мәселелер қаралды.
Айта кетсек номер 1-ші аумақтық округке «Астана» шағын ауданы, «Төрткөл» және «Дорожник» тұрғын алқаптары кіреді. Жалпы халық саны 32800 адамды құрайды. Көпқабатты тұрғын үйлер саны – 107, жеке сектордағы үйлер – 2498. Ауданның бас инспекторының айтуынша, өткен жылы Достоевский және Рысбек батыр көшелерінің аулаларында балалар алаңдары салынған. Сонымен қатар Рысбек батыр және Ниетқалиева көшесінің бойында 3 заманауи аялдамалар орнатылған.