JAŃALYQTAR

ОРЫНБЕКОВ: ӘР МӘСЕЛЕ НАЗАРДА!

Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков №7 аумақтық округтің тұрғындарымен кездесті. Басқосуда бірқатар өзекті мәселе қаузалды. Тұрғындарды мазалаған сұрақтар да жауапсыз қалмады.

БЛИЦ:

Иттер. Барлық жерде иттер бар, азулы, қорқынышты, жабайы иттер көп

Автобус аялдамасы тым алыс, Атобуспен қатынау қиын. Ауыл-Берекеге барудың өзі қиынға соғады

Бағаналар. Ол жақта жүру өмірге қауіпті. Тіпті электрик мамандарды да шақырғанда жөндеуге қорқады.

Бақытжан ОРЫНБЕКОВ ТАРАЗ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ

Мен жануарларды қорлауға қарсымын. Бірақ басқа амал жоқ. Жұмыстарды атқарамыз. Біз бұл тірлікті бұлай қалдырмаймыз, түбіне жетеміз. Ал, автобус мәселесіне келсек. 1 автобус 40млн теңге тұрады, Бүгінде бізге керек автобустардың құны-8млрд-ты құрайды. Жыл соңына дейін 15 қоғамдық көлік алдырамыз. Сондай-ақбағаналар бойынша сұраққа жауап берсек.  Алдымен ескіргендерін жоямыз, себебі қауіпті жағдайда тұр.

Шаһар басшысы азулыларға қарсы 15 млн тг қаражат бөлінгенін, оның 6 млн-ы ит аулаушыларға, қалғаны иттерді сақтау орталықтарына жұмсалатынын жеткізді. Сондай-ақ, қараңғы көшелерді жарықтандыру мәселесі келесі жылға дейін қарқынды жүргізілетіні мәлім болды.

Бақытжан ОРЫНБЕКОВ ТАРАЗ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ

500 көшені бірден жарықтандыру мүмкін емес, қаражаты бар, жұмсалатын күші бар, біз қазір 5 жылға бөліп, осы бағытта жұмыс жасамақпыз. жарық ең алдымен мектепке, балабақша, әлеуметтік нысандар алдыңғы сатыда тұр.

 

Кездесуде әрбір тұрғынның өтініші назарға алынып, Бақытжан Әмірбекұлы әр мәселені жеке бақылауына алатынын жеткізді. Жиыннан соң бірқатар азамат жеке мәселелері бойынша әкім қабылдауынан өтті.

 

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *