JAŃALYQTAR

ЖАМБЫЛДА ҚАНША КӘСІПОРЫН БАР?

Президент өз Жолдауында зауыт-фабрикалар санын көбейтіп, тұрақты жұмыс орындарын ашуды тапсырған еді. Себебі, аймақ әлеуетін арттыруда кәсіпорындардың үлесі салмақты. Тараз өзінің қантымен, атақты халуасымен, түрлі сүт өнімдерімен танымал. Десе де,  жүйелі жұмыс қажет. Бүгінгі Жамбыл кәсіпорындарының әлеуеті қандай?  Өңірде қанша зауыт, фабрика бар?  Осы мақсатта облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, жауапты басқарма БАҚ өкілдеріне арнайы пресс-тур ұйымдастырды.

СТЕНДАП: Ақкенже АСАНҚЫЗЫ    ТІЛШІ

1630078 ///…1998 жылдан бастап шығарылып жатқан мына «Тараз халвасы» атты өнім Қазақстанды қамтып қана қоймай, көршілес Ресей мен Қырғызстанға өнім шығаруда. Айта кетейік, кәсіпорын жылына 600 тоннаға дейін өнім шығарады…///

Нұрлан АХАНОВ «ТАРАЗ ХАЛВАСЫ» ЖШС ДИРЕКТОРЫ

Ерлан АХАНОВ  НАЧАЛЬНИК ПРОИЗВОДСТВА ТОО «ТАРАЗ ХАЛВАСЫ»

Іссапар  спорттық киімдер тігетін цех жұмысын таныстырумен жалғасты. «ДжейЭс Бренд» бүгінде 70 адамды жұмыспен қамтып отыр. Кәсіпорын тек киімдер тігіп қана қоймай, қосымша оқу бөлмесін де ашқан. Білім аламын деген тұрғындарға тіпті, жұмыспен қамту орталығы 21 теңге көлемінде стипендия төлеп отырған көрінеді.

Жанар СЕРІКБАЙ  «JS BRAND FABRIC» БАСШЫСЫ

Бір күнде 20 шақты спорттық киімдер тігеміз. Қазіргі біздің тігіншілердің жұмыстары халыққа ұнап жатыр. «ДжейЭс Бренд»  фабрикасын ашқаныма 1 жыл болды. Алдында бізде кішігірім бизнес еді. Тек заказбен тігетінбіз.  Қазіргі мақсат нарыққа толықтй кіріп бүкіл халықты қолжетімді киіммен қамтамасыз ету. ///

Өңір әлеуетінің артуына үлес қосып отырған келесі кәсіпорын – «Полиэтилен-Агро». Зауытта азық-түлік тасымалдайтын қапшықтан бастап, құрылысқа жарамды полиэтилендердің 80-ге жуық түрі шығарылады.

Бақтияр АҚБЕРГЕН «ПОЛИЭТИЛЕН-АГРО» ЖШС ДИРЕКТОРЫ

Бүгінгі таңда жылына 2000 тоннаға дейін өнім шығарамыз. Зауытта 75 адам жұмыс істейді. Біздегі өнім көбіне нарықтық тауарларға сай шығарылады. Сонымен қатар, өнімнің 10 пайызын шетелге шығарудамыз…///

Бүгінгі таңда Жамбыл облысында 3952 кәсіпорын болса, оның 43,5 пайызымен ұжымдық келісім шарт жасалыпты.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *