JAŃALYQTAR

ӘКІМДЕРДІҢ ХАЛЫҚПЕН КЕЗДЕСУІ ЖАЛҒАСУДА

Әкімдердің халықпен жүздесуі жалғасуда. Облыста жыл басынан бері осындай 820 кездесу ұйымдастырылған. Күні кеше аймақ басшысы Жамбыл ауданына кезекті рет жұмыс сапарымен барып, тұрғындардың сан сауалына жауап берді. Аса және Гродиково ауылдық округтерінде өткен басқосуға әдеттегідей, бірқатар департамент басшылары да қатысты.

Асалықтарды мазалаған мәселелердің әуелгісі – ағын су және табиғи газ жайы.

Біз енді ауылшаруашылықпен айналысатын аудан болғандықтан, жерімізде барлық мүмкіндік бар. Бірақ, кейінгі жылдары егін суаратын судың тапшылығы қиын болып отыр. Себебі, мына Қуат каналы ремонтталмады…\

 Нұржан НҰРЖІГІТОВ ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Жалпы Жамбыл ауданда 14 каналды жөндеу жоспарда бар. 2025-ке дейін. Әлі оған дейін 3 жыл бар. Себебі, бәрі бірден болмайды…\ 

Мен Рахат ауылының азаматымын. Ең бірінші мәселе – газ болып тұр. Осы жер астымен апарған газды 1-2 жыл бұрын әні, міні деп біткен жоқ сол газ. Күн суытып келе жатыр, кейбір үйлер пешін алып тастаған. Газ мәселесін тураласаңыз дұрыс болар еді…\

13 елді мекенге газ беру керек едік қой. Соның 4-еуіне бердік. Енді қалған 9-на да тұтас беріледі. Шілдеде қаржы келіп түсті…\

 Ауылдық ағайынды алаңдатқан келесі түйткіл – мектеп және тұрғын үй тапшылығы.

Жастар білімді болса, еліміз гүлдейді. Сол мектеп мәселесін шешіп берсеңіз дұрыс болар еді…\

Менің айтпағым, халық санының көбеюіне байланысты тұрғын үй кезегінде тұрғандар саны артады…\

Нұржан НҰРЖІГІТОВ ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Өкімет істеп жатқан жоқ емес, істеп жатыр. Ақша, жер бөліп беріп жатыр. Бірақ өзіміздің тұрғындар өкінішке қарай, үй соқпай жатыр немесе сол жерді бір қолдан екінші қолға сатып жатыр…\

Ал, Рахат ауылына мектеп 2025 жылға дейін салынады деп уәде етілді. Жолдау жүктеген 5 бағдарды тілге тиек еткен Нұржан Нұржігітов «Жайлы мектеп» жобасы аясында ауданда 3 жыл ішінде 3 білім ұясы салынатынын да атап өтті. Сондай-ақ, экс әкім Асқар Мырзахметовтың тұсында өңірде бастау алып, Үкімет үлгі еткен жемісті жоба «Тұрғындардың тұрмыстық табысын арттыру» жүйелі түрде жалғасатынын жеткізді.

Жауапкершілік. Біздің тараптан да, сіздердің тараптан да. Бірігіп жұмыс істейік, сонда ғана еліміз дамиды…\

Облыс әкімі аудан орталығындағы кездесуден кейін Гродиково ауылының тұрғындарымен жүздесті.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *