JAŃALYQTAR

ҰСТАЗДЫҚ – ҰЛЫ ҚЫЗМЕТ!

«Ұстаздық-ұлы қызмет!». Бүгін дәл осындай атаумен өңірдің бүкіл ардақтыларын жинаған мерекелік іс-шара өтті. Жиында аймақтың білім саласында елеулі еңбек етіп жүрген педагогтар марапатталды.

Бүгінде Жамбыл облысының 1015 білім беру ұйымдарында 42894 мұғалім қызмет етеді. Нақтысы, 300 мыңнан аса бала мен жасөспірімге дәл осы педагогтер тәрбиемен қатар, білім беруде.

Нұржан НҰРЖІГІТОВ   ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Облыс әкімінің мәлімдеуінше, аймаққа бөлінген бюджеттің 53 пайызы білім саласына бағытталыпты. Яғни, 7 млрд қаражатқа 22 оқу ғимараты салынуда. Сонымен қатар, мұғалімдер жалақысы да жыл сайын біршама өсім беріп отыр. 

Айдын ДОСЫБАЕВА   ЖО БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

Облысымыздың ұстаздары үлкен жетістіктермен көрінуде. Мәсселен, өткен жылдың өзінде 5000-нан аса аймақ педагогтары халықаралық байқаулардың жеңімпаздары атанды. 2012 жылдан бастап өткізіліп келе жатырған «Үздік педагог» байқауында 38 мұғалім осы атақты алып үлгерді.

Аймақ ұстаздарымен тиімді ұйымдастарылған жұмыстардың нəтижесінде 10 жыл ішінде 13465 білім беруші «Үздік педагог», «Авторлық бағдарлама», «Үздік жыл психологы» атты . республикалық, халықаралық байқаулардың жеңімпазы атанды.

Гүлнар ӨТЕГЕНОВА    №45 ҚАЗАҚ КЛАССИКАЛЫҚ ГИМНАЗИЯСЫНЫҢ ФИЗИКА ПӘНІ МҰҒАЛІМІ

Александр ГИБНЕР   АРДАГЕР ҰСТАЗ

Өңір педагогтарының жемісті қызметі 2015 және 2022 жылдары облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің тәжірибесі республикалық деңгейде таратылып, жоғары бағаға иеленді.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *