BASTY BETJAŃALYQTARTARAZ 24 ONLINE kz

МЕКТЕП ПСИХОЛОГТАРЫНЫҢ ЖҰМЫСЫ ТИІМСІЗ

Мектеп психологтарының жұмысы тиімсіз. Мамандардың айтуынша, орта есеппен 600-700 балаға бір психологтан келеді. Бұл балаларды алаңдатқан мәселелерді дер кезінде анықтауға кедергі келтіреді. Бүгін оқушылар сарайында Балалардың қауіпсіздігі кеңінен айтылған форум өтті.

Мамандар сөзінше қазіргі таңда мектеп психологтарының жұмысы мардымсыз. Себебі олардың күнделікті кестесінде балалармен жеке жұмыс істеуге арналған бөлек сағат жоқ. Бұған қоса, төмен жалақы мен біліктіліктің төмендігінен профилактикалық жұмыстар нәтиже бермейді.

– Мектеп психологтарының жұмысы тиімсіз. Көп нәрсені қалаусыз қалдырады. Төмен біліктілік. Сондықтан қалада педагогтар мен психологтардың біліктілігін арттыру орталығы ашылды. Бүгінгі таңда 350 педагогикалық психолог оқуды аяқтады,-дейді Нұрғалым Әбдіров, Жамбыл облысының прокуроры

Айта кету керек, биыл 10 айда кәмелетке толмағандардың қатысуымен 78 қылмыстық іс тіркелген. Дегенмен бұл өткен жылмен салыстырғанда 12 пайызға аз», – дейді өңір басшысы.

– Балалардың қауіпсіздігі бірінші орында. Биыл бұл мақсаттарға жергілікті бюджеттен 1 миллиард 765 миллион теңге бөлінді. Біз балаларымыздың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жұмыстарын күшейтуіміз керек. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша тиісті жұмыстар жүргізілуде,-дейді Ербол Қарашөкеев, Жамбыл облысының әкімі

«Балалардың қауіпсіздігі – қоғамның басты міндеті». Дәл осы тақырып арқау болған форум қорытындысы бойынша мектеп психологтарының жұмысын ұйымдастыруды қайта қарау ұсынылды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *