JAŃALYQTAR

ШЕРХАН МҰРТАЗА ЖАЙЫНДА ҮЗІК СЫР

Бүгін алып тұлға, Жамбылдың мақтанышы, қазақтың біртуары  Шерхан Мұртазаның 90 жылдығы. Бүгінде жазушы  жайында  жайында айтылар әңгіме де, ұрпаққа сабақ болар түйін де көп. Әсіресе, оны көзі көрген үзеңгілестері, туыстары тебірене еске алады. Шер аға жайында үзік сырлар мен есті естеліктер топтамасын әріптесім Әсел Қалиева жинақтаған еді.

Қазақтың Шер ағасы Жуалы ауданы, Талапты ауылында туып, өскен. Балалық шағынан өмірдің ашшы дәмін татқан қаламгер, орта білімін Мәскеуде тәмамдап, журналистика жолын таңдады. Тілшіліктен басталған тіршілік бас газет Егемен Қазақстанда бас редакторлыққа ұласты. Саясатта да биік мінберге шығып, ел болашағы үшін отты сөздерін, қорықпай жеткізді.

Өмірінің соңғы сәтттерін өткізген Талаптыдағы үйі бүгінде жазушы жайында сыр шертетін нағыз мұражай. Өзі жазған естеліктері, қолының ізі қалған заттары, тастаяғы бәрі бәрі осында.

Шерхан Мұртаза жайында үзік сырмен бөліскендердің бірі сыныптасы Әбдуәлі Данай. Қария жазушының  құрдасы ғана емес, өмір жолын қатар өткізген сыйласы әрі сырласы. Досыммен басым қосыла қалса,    айтар әңгіме таусылмайтын дейді. Мына суреттері сол сәттің   айқын көрінісі болса керек.

Әбдуәлі ДАНАЕВ – Ш. МҰРТАЗАНЫҢ СЫНЫПТАСЫ

Қазақтың «Қара жебесінің» тағы бір қыры балажан болған деседі. Немересі Зиба  атам келеді дегенді естігенде, біз ғана емес, бүкіл ауыл баласы күтетін, дейді. Балаларға тек тәттісімен ғана емес, өмірлік азық болатын тәрбие қалдырған.

Зиба МҰРТАЗА – НЕМЕРЕСІ

«Қарап тұрсам, ерте оянып, жаттығу жасайтын. Бізде ата мен бірге ерте оянып, жаттығу жасайтынбыз. Бізді салауатты өмір салтын ұстануға үйретті.»

Бүгінде Шер ағаның  мәні терең хаттарының бір парасы немересі Зибаның қолында. Ол атасын тебірене еске алып, тілектерін оқып шықты.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *