BASTY BETJAŃALYQTARQOǴAMTARAZ 24 ONLINE kz

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТІҢ КӨМЕГІМЕН ЗАҢГЕРЛІК КЕҢЕС АЛА АЛАДЫ

Енді қазақстандықтар жасанды интеллекттің көмегімен заңгерлік кеңес ала алады. Әділет министрлігі азаматтарға құқықтық кеңес беретін жасанды интеллект элементтері бар чат-ботты әзірледі. Тәжірибе жүзінде тестілеуден өткізіліп жатқан жаңашылдық туралы облыстық әділет департаментінің басшысы брифингте баяндады,-деп хабарлайды «Taraz24news.kz»ақпараттық агентігі.

Жамбыл облысындаа адам өмірін цифрлық дәуірде жеңілдету, уақыт пен ақшаны үнемдеу мақсатында көптеген жобалар қолға алынған. Мәселен, биыл 300 мыңнан астам азамат құқықтық сауаттылығын арттырса, ЖИ – «Әйтеке»-нің көмегімен заңгерлік кеңестер алатын болады. Сондай-ақ өңірде Робот-сот орындаушысының құзыреті де кеңеюде. Цифрлық сот орындаушысы іске қосылған сәттен бастап, 27 мыңнан астам атқарушылық іс қозғаған. Осылайша азаматтар 28 млн теңгені үнемдеген екен.

Тағы бір маңызды жетістік – «Сот орындаушысы роботын» енгізу болып табылады. Мәселен, 20 АЕК-ке дейінгі әкімшілік айыппұлдар уақытылы төленбеген жағдайда уәкілетті орган мәліметтерді жеке сот орындаушының қатысуынсыз іс жүргізуді қозғайтын Робот сот орындаушысына береді. Іс қозғалғаннан кейін азаматтар іс туралы егжей-тегжейлі ақпараты бар EGov Mobile-да 1414-тен SMS хабарлама және push-хабарлама алады, сол арқылы азаматтар айыппұл сомасының 25% қосымша төлеуден және сот орындаушысына барудан босатылады, өйткені барлық әрекеттер онлайн режимінде жүргізіледі,-деді Жамбыл облыстық  әділет департаментінің басшысы Нұрғали Андасов.                

ҚР Әділет вице-министрінің сөзінше, әзірленіп жатқан жобалардың басты мақсаты – халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру. Мысалы, жақында Қазақстанның ЖОО-мен жұмыс тобы құрылған. Онда университет студенттері азаматтарға ЖИ көмегімен кеңес алуға көмектесетін жоба әзірлемек.

 Жасанды Интелект  – «Әйтеке» көмекшісі- қарапайым заңгерлік кеңестер беруге және құжаттарды жинауға көмектесуге арналған чат-бот ашылады. Робот-сот орындаушысының құзыреті кеңейіп, ол айналысатын берешек мөлшерінің шегі 20-дан 40 АЕК-ке дейінартады, бұл азаматтардың пайдасына жылына 12,2 млрд теңгеге дейін үнемдеуге мүмкіндік береді,-деді Жамбыл блыстық  әділет департаментінің басшысы Нұрғали Андасов.                

Айта кетейік, жаңа бастама азаматтарға 24/7 режимде өздерін қызықтыратын құқықтық сұрақтарға жауап алуға мүмкіндік береді. Қызмет көрсетуді жеңілдету жұмысының нәтижесінде, қазақстандықтардың уақыты мен қаражаты үнемделіп, әкімшілік кедергілер жойылады.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *