ҒЫЛЫМНЫҢ ДАМУЫ – ҚАЗАҚСТАННЫҢ СТРАТЕГИЯЛЫҚ БАСЫМДЫЛЫҒЫ
Мемлекет ғылыми зерттеулерге қаржыландыруды ұлғайтып, ғылыми ұйымдарды жаңғыртып, шетелде тағылымдамадан өту мүмкіндіктерін кеңейтіп жатыр. 2025–2027 жылдар аралығында қолданбалы ғылымға қаржыландыру 531,1 млрд теңгеге жетеді. Жаңа қолдау механизмдері, соның ішінде «Жас ғалым» бағдарламасы мен гранттық қаржыландыру енгізіліп, бұл мыңдаған ғылыми жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді,-деп хабарлайды «Taraz24news.kz» ақпараттық агентігі.
Халықаралық Шерхан Мұртаза атындағы Тараз университеті жас ғалымдарды келесі бағыттар бойынша қолдайды: Қосымша ғылыми зерттеулерге қаржыландыру. Университет жас зерттеушілердің ғылыми қызметін дамытуға белсене қатысады. «Балық пен өсімдіктерді бірлесе өсіру технологиясын өндіріске енгізу» жобасы, ғылыми жетекшісі В. Арыстанғалиева, мемлекеттік қаржыландыруды 280 млн теңге көлемінде алды
. Осы жобаны табысты жүзеге асыру аясында университет қосымша 84,96 млн теңге қаражат бөлді, бұл жас ғалымдарға қолданбалы зерттеулер жүргізуге қажетті ресурстарды қамтамасыз етеді. Жас ғалымдар үшін тұрғын үй. Жұмыс пен өмір сүру үшін қолайлы жағдай жасау мақсатында университет жас ғалым-зерттеушілерге, ғылыми жобаларға қатысатын қызметкерлерге тұрғын үй ұсынады, осылайша олардың кәсіби дамуын және тұрақтылығын қолдайды.
Ғылыми зерттеулерді инфрақұрылымдық қолдау. Университет жас ғалым-зерттеушілердің ғылыми жұмыс істеуіне арналған орындарды қамтамасыз етеді. Мысалы, балық шаруашылығы кешенін орнату үшін 480 шаршы метр көлемінде екі ғимарат бөлінді, бұл эксперименттер мен жаңа технологияларды сынақтан өткізу үшін оңтайлы жағдайлар жасауға мүмкіндік береді. Докторантураға қаржыландыру.
Жас ғалымдарды тарту мақсатында университет докторантурада оқудың 50% құнын жабады. Қазіргі уақытта алты докторант Болгарияның Варна еркін университетінде оқып жатыр, бұл университеттің қаржылық қолдауымен жүзеге асырылып жатыр. Жас ғалымдардың тағылымдамасы мен біліктілікті арттыру курстарына қаржыландыру. Университет жас ғалымдардың шетелде тағылымдамадан өтуі мен курстарға қатысуы үшін барлық шығындарды жабады. Мысалы, А. Омарова «Жас ғалым» 2022-2024 жылдары жобасы аясында тағылымдамадан өтті.