BASTY BETJAŃALYQTARTARAZ 24 ONLINE kz

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ҚЫТАЙДЫҢ ЖАҺАНДЫҚ БАСТАМАСЫ ЖӨНІНДЕГІ ЖОҒАРЫ ДЕҢГЕЙДЕГІ КЕҢЕСКЕ ҚАТЫСТЫ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас Ассамблеясының 80-ші сессиясы аясында Қытайдың жаһандық даму және жаһандық басқару саласындағы бастамалары бойынша жоғары деңгейдегі кеңесте сөз сөйледі. Іс-шара «Жаһандық дамудың жарқын келешегін бірлесе құру, бастапқы ұмтылыстарға адалдық» тақырыбына арналды, – деп хабарлайды «Taraz24news.kz» ақпараттық агенттігі, primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы жиынның маңыздылығын атап өтіп, оны дер кезінде ұйымдастырғаны үшін Қытай тарапының еңбегін жоғары бағалады.

– Біз ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің көреген басшылығын және әділ, инклюзивті әрі тиімді халықаралық ынтымақтастықты дамытуға бағытталған күш-жігерін құптаймыз. Қазақстан геосаяси және экономикалық сын-қатерлерге жауап беретін Қытайдың жаһандық бастамасын толығымен қолдайды, – деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев Жаһандық даму бастамасын (Global Development Initiative) Қазақстан қолдайтынын жеткізіп, оның Орнықты даму мақсаттарына жетуге ықпал ететінін атап өтті. Сонымен қатар ол Қытайдың Жаһандық басқару бастамасына (Global Governance Initiative) да назар аударып, бұл ұсыныстың тұрақсыз әлемде көптеген елдердің ортақ мақсаттарын айқындауға мүмкіндік беретінін айтты.

Президенттің айтуынша, бастаманың басты бағыттары – егемендік теңдігін қамтамасыз ету, халықаралық құқықтың үстемдігін сақтау, көпжақты институттарды нығайту, адамдардың мүдделері мен игілігін қорғауға негізделген әділ әлемдік тәртіпті ілгерілету.

– Жаһандық басқару бастамасы цифрлық технологияға, киберқауіпсіздікке және ғарыш кеңістігіне әділ қол жеткізуді қамтамасыз етеді. Бұл тұрғыда нормативтік-құқықтық база мен жасанды интеллектіні пайдаланудың этикалық стандарттарын әзірлеу маңызды. Қазақстан Қытайдың жасанды интеллект саласындағы ынтымақтастыққа арналған жаһандық ұйым құру жөніндегі ұсынысын қолдайды, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы Жаһандық басқару бастамасының «Бір белдеу, бір жол» стратегиясымен үндес екенін атап өтті. Қорытынды сөзінде Қасым-Жомарт Тоқаев аталған бастамаларды жүзеге асырудағы ынтымақтастық БҰҰ-ның негізгі мақсаттарына жетуге сеп болатынын жеткізді.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *