BASTY BETJAŃALYQTARQOǴAMTARAZ 24 ONLINE kz

СУ ТАСҚЫНЫНА ДАЙЫНДЫҚ ПЫСЫҚТАЛДЫ

Бүгін еліміздің барлық аймағында «Көктем-2024» республикалық командалық-штабтық оқу жаттығу өтті. ТЖМ хабарлауынша екі күнге созылатын дайындық жұмыстары су тасқыны кезеңіне арналған. Ал селден сақтану үшін қала аумағындағы 6 каналды тазалау жұмыстары жүргізілмек.

Оқу-жаттығудың алдында қала әкімінің орынбасары Қайрат Исмаил мен басқарма басшылары төтенше жағдайлар туындаса алдыңғы шепте тұратын құтқарушылар мен жедел жәрдем қызметтерінің техникалық дайындығын тексерді.
Әкім орынбасарының айтуынша көктемгі су тасқыны жағдайына өзгеде дайындық жұмыстары басталған. Мәселен қала бойынша 6 каналды тазалауға бюджеттен 250 млн қарастырылды дейді.

– Бізде 88 шақырымды құрайтын каналдарымыз бар. Мұнда 6 негізгі канал және 2 дренажды канал бар. Бұл бойынша қалада толық зерделеу жұмыстары жүргізілді. Тағыда төменгі табанын тереңдетіп тазалайтын орындар бар. Бұл жұмыстар бойынша қалалық бюджеттен тиісті қаражат қарастырылып отыр,-дейді Қайрат Исмайл, Тараз қаласы әкімінің орынбасары

Ал жалпы оқу-жаттығуға 17 техника 88 адам жұмылдырылған. Онда ТЖ жою кезіндегі азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесі басқару органдарының іс әрекеті пысықталды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *