«КӘУАП FEST» ТАРАЗДА
Сіз кәсіби шеберлер қолынан дайындалған кәуәптің дәмін татып көрдіңіз бе? Таразда өткен «Кәуап фест» фестивалі тұрғындарға піскен еттің түр-түрімен танысуға мүмкіндік берді. Оған еліміздің барлық өңірінен білікті кәуап даярлайтын аспазшылар келіп, өз өнімдері мен оның жасалу жолы жайында көпшілікпен бөлісті. Назерке Аяз жалғастырсын.
Кеше Таразды кәуаптың иісі жарды. Сан түрлі аспаздың қолынан дайындалған тәтті тағамдарға қала тұрғындары баға берді. Айтуларынша дәмі де тіл үйірерлік екен.
–барлық шашлыктың дәмін жеп көрдік. Кәуаптары өте тәтті, ең біріншіден БроГруптың шашлыктары өте керемет. Сочный дейді ғой, ауызда ериді. Басқаларының да дәмі жақсы, 10 баллға татиды.
–негізі өте керемет өтіп жатыр фестьиваль. Осындай жарыстар Таразға қажет. Тұрғындар үшін, біз үшін, өте дәмді шашлыктар ұсынылды, барлығы бір-бірінен асып өтеді
Әуезді ән шырқалып, көтеріңкі көңіл-күй орнаған кеште кәуаппен қатар тәтті тағамдар да дастарханнан табылды. Жарыста қала жастары мен ересектерін тойдырған кәсіби аспаз піскен ет дайындаудың қыр-сырымен бөлісті.
Пернебай ДӘУЛЕТМҰРАТОВ КӘУАПШЫ
–әр шашлычниктың өзіне тән ерекшелігі бар, біз халық үшін істеп жатырмыз…особый сыры жоқ, кафеде қалай дайындасақ, мұнда да сол дәмді ұсынамыз…қазақ-қой жеп қалған халық қой. Қой етінен жасаймын
Айта кетейік, аталған жарыс алғаш рет шаһарымызда 2019 жылы өткен еді. Дүйім жұртты таң қалдырған дәм араға 2 жыл салып қайта оралды. Бастысы-халықтың көңілінен шықты.