ЖОЛДАУҒА ШОЛУ: НЕ АЙТЫЛДЫ?
Бүгін барша жұрт Президент Жолдауына құлақ түрді. 5 бағдардан тұратын биылғы Жолдау «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» деп аталды. Мақсаты сан саланы дамыта отырып, ұлттық табысты әділ бөлуге бағытталған. Бұл Жолдаудан жұрттың күткені не? Көптің қандай тілеуі орындалды? Әріптесім Гүлнар Тайжан жалпы шолу жасасын.
Ел күткен Жолдауда жұрттың дегені болғандай. Оған сәл кешірек. Ең бастысы енді ұлттық қордың да, мемлекет пен облыс бюджетінің ақшасы жақсылап есептеледі. Былайынша ысырапқа жол жоқ.
Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ ҚР ПРЕЗИДЕНТІ
-Бюджет кодексінде шекті нормативтер бекітіледі. Оны бюджетті жоспарлау және орындау кезінде міндетті түрде ұстану қажет. Ұлттық қордың ақшасын тиімсіз жұмсау тоқтатылады. Бұл өте өзекті мәселе. Қордың қаражатын ас қажет инфрақұрылымды дамытуға және еліміз үшін маңызы зор жобаларға қарастырамыз. Бюджет үдерістерін барынша жеңілдету қажет.
Әуелі жақсы жаңалық. Шағын және ортта бизнесте бәсекелестікті дамыту мақсатында бәріне бірдей мүмкіндік беріледі. Бұл ретте мемлекеттен көмек алу оңай болмақ. Қалай дейсіз ғой, кәсіп бастамақ ниеттегі жастарға «арнайы несие» қарастырылмақ. Жылдық өсімі 2,5 пайыз болады.
Сонымен қатар, мемлекеттен көмек алатын бизнес өкілдерін анықтайтын автоматты жүйе енгізілмек. Онда мемлекеттік сатып алудың мүлде жаңа жүйесі жасалады. Кірісін, сәйкесінше салығын да жыл санап арттырып отырғандарға қосымша жеңілдіктер қарастырылмақ. Базада бәрі де көрсетіледі екен.Айтпақшы,енді тек баға ғана емес, сапа да бақылауда болатынын жеткізді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Жалпы, ашығын айтуымыз керек, -деп бастаған сөзінде үкіметтің жұмысында қайта-қайта олқылықтар орын алып жатқанын мойындады. Бұл ретте жаңа Қазақстанның жаңа экономикалық бағдарын баядады.Аңғарғанымыз енді кәсіпкерлер қатаң бақылауда болады. Егер алсаң жер бар. Ал бос, меншіктеп отырғандардыңжер телімдерін ашық, әрі жедел бөлу керегін тапсырды. Жолдаудажуырда болар өзгерістерден бөлек қордаланған мәселелер де ашық айтылды. Шикізат тәуелділігі, еңбек нарығындағы тапшылық, тағысын тағы.
Бұл мемлекет басшысының жолдауындағы тек санаулы салалардағы өзгерістер жайы. Алда сатылы түрде біраз өзгерістер болмақ. Сосын… жуырда «президент сайлауы» өтеді. Кейін жыл басында мәжіліс пен мәслихатта жаңа тағайындаулар орын алмақ…