AGROBASTY BETBILİKJAŃALYQTARTARAZ 24 ONLINE kz

АСТЫҚ ТАСЫМАЛЫ 13%-ҒА ӨСТІ

Қазақстанда өткен сегіз ай ішінде теміржол арқылы 9,3 млн тонна астық тасымалданды. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 13 пайызға көп, – деп хабарлайды «Taraz24news.kz» ақпараттық агенттігі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Көлік вице-министрі Жәнібек Тайжановтың айтуынша, оның 7,2 млн тоннасы экспортқа, 2,1 млн тоннасы ішкі нарыққа жеткізілген. Орталық Азия елдеріне астық тасымалы 37 пайызға, Қытайға 34 пайызға, Ресей порттары арқылы 9 пайызға артқан. Ал Ауғанстанға жөнелтілген астық көлемі 4,4 есеге өсіп, 655 мың тоннаға жеткен.

Өңделген өнім тасымалы да көбейген. Қоспа жемді тасымалдау көлемі 38 пайызға өсіп, 2,6 млн тоннаны құрады.

Вице-министр жаңа астықты тасымалдауға қажетті вагондар мен локомотивтердің дайын екенін атап өтті. Қазір елде 16,9 мың астық вагоны, 17,8 мың жабық вагон және 2 мыңнан астам локомотив бар. Оның айтуынша, қолданыстағы парк астықты толық көлемде тасымалдауға жеткілікті.

Экспорттық бағыттардағы теміржол инфрақұрылымының өткізу қабілеті де артқан. Қытайға тәулігіне 75 пойызға дейін өткізуге мүмкіндік бар. Сонымен қатар тәулік ішінде Өзбекстанға 60, Ресейге 100 пойызға дейін жетеді екен.

– Осылайша, негізгі экспорттық бағыттарда астық тасымалын одан әрі арттыруға жағдайлар жасалған, – деді Жәнібек Тайжанов.

Тасымалды тұрақты бақылау үшін Көлік министрлігінде жедел штаб жұмыс істейді. Вице-министрдің айтуынша, теміржол көлігі жаңа астықты ел ішінде және экспортқа толық көлемде тасымалдауға дайын.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *