ТАРАЗДА NIS HACKATHON 2026 БАЙҚАУЫНЫҢ ҮЗДІКТЕРІ АНЫҚТАЛДЫ
Тараз қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде 9–12 сынып оқушыларына арналған желілік NIS Hackathon 2026 байқауы өтті, деп хабарлайды Taraz24`news.kz.
Ауқымды шара еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған NIS оқушыларын біріктіріп, технологиялық жобалар әзірлеу, тәжірибе алмасу және командалық жұмыс дағдыларын шыңдайтын алаңға айналды.
Ашылу салтанатында «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Басқарма Төрағасының орынбасары Сабыржан Садуақасов байқаудың ерекшелігіне тоқталды. Оның айтуынша, биыл командалар кездейсоқ сандар генераторы арқылы жасақталып, әртүрлі мектеп оқушылары бір топта жұмыс істеуге мүмкіндік алған. Бұл тәсіл жаңа идеялардың тууына және тәжірибе алмасуға жол ашқан.
NIS Hackathon – қатысушылар шектеулі уақыт ішінде мобильді қосымшалар, веб-сервистер және түрлі цифрлық өнімдердің прототиптерін әзірлейтін қарқынды форматтағы байқау. Жарыс мектепішілік іріктеу және желілік финал кезеңдерінен тұрды.
Қатысушылардың жобаларын ақпараттық технологиялар саласының сарапшылары бағалады. Олардың қатарында Қазақстан-Британ техникалық университеті, Нархоз университеті, EPAM Kazakhstan, NEO ATLANTIS LLP және BeyimTech компаниясының өкілдері бар.
24 сағат ішінде оқушылар өз жобаларын дайындап, қазылар алқасына ұсынды. Әр командаға 10 минут уақыт беріліп, онда идеяны таныстыру, жұмыс істейтін прототипті көрсету және сарапшылардың сұрақтарына жауап беру талап етілді. Командаларда қатысушылар UX-дизайнер, frontend және backend әзірлеуші, сондай-ақ салалық сарапшы рөлдерін атқарды.
Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды.
1 орын:
«Commit & Pray» – Шыңғыс Мағауия (NIS Oskemen), Арнұр Тайлан (NIS Shymkent-Karatau), Қайсар Амангелдиев (NIS Taraz), Ақарыс Ақпан (NIS Shymkent-Abay)
2 орын:
«JAEZ» – Ернар Талғат (NIS Astana), Джафар Мажитов (NIS Aktobe), Азамат Белгібаев (NIS Almaty-Nauryzbay), Жанкелді Дарменов (NIS Pavlodar)
«balapandar» – Айсұлтан Әуелбай (NIS Taldykorgan), Сұлтанмахмуд Қуатбаев (NIS Astana), Данил Барбашин (NIS Pavlodar), Ақарыс Қарымсақ (NIS Aktau)
3 орын:
«parquet» – Артем Лавреньтев (NIS Almaty-Medeu), Ерасыл Қабдырашит (NIS Oskemen), Нурахмет Хамидолла (NIS Astana-Nura), Юсуф Мухамбеткалиев (NIS Kokshetau)
«Miami heat» – Дінмұхаммед Ынтықбай (NIS Taraz), Әміржан Бауыржан (NIS Oral), Ернар Марс (NIS Astana), Нұрали Мубараков (NIS Taldykorgan)
«Команда 2» – Керей Бердышев (NIS Aktobe), Дамир Камалов (NIS Almaty-Medeu), Мағжан Қойлыбай (NIS Shymkent-Karatau), Зиеда Абдугаппарова (NIS Turkistan)
Сондай-ақ арнайы номинациялар да табысталды.
«Үздік техникалық шешім»:
«Vortex» – Алтайыр Ескендір (NIS Astana-Nura), Ақарыс Саматұлы (NIS Aktau), Аян Манкеев (NIS Oral), Бахыт Жаканов (International Steppe School of Almaty)
«Үздік презентация»:
«Өмір ғажап» – Кирилл Юн (NIS Atyrau), Ерасыл Бостан (NIS Taraz), Максим Косов (NIS Aktobe), Бауыржан Әмірғалиев (NIS Kostanay)
«Ең креативті шешім»:
«NISJemel» – Рукнуддин Ашим (NIS Shymkent-Karatau), Ануар Дюсупов (NIS Almaty-Nauryzbay), Карим Аубакиров (International Steppe School of Almaty), Арнур Артықбай (NIS Taraz)
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге білім беру гранттары табысталып, ақпараттық технологиялар мен инженерия бағытында әрі қарай білім алуға мүмкіндік берілді.

