BASTY BETBILİKJAŃALYQTAR

ОЛЖАС БЕКТЕНОВ: ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯНЫ ҚОЛДАДЫ

Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов жаңа Конституцияның қабылдануы құқықтық мемлекет қағидаттарын нығайтып, елдігіміздің тірегі болатынын атап өтті, деп хабарлайды Taraz24news.kz.

«Құқықтық мемлекет қағидаттарын нығайту, заң көмегін алу құқығына және дербес деректердің қорғалуына кепілдік беру негізгі заң деңгейінде бекітілді. Президент атап өткендей, жаңа Конституция елдігіміздің тірегі, Егемендігіміз бен Тәуелсіздігіміздің тұғыры болады. Қазақстандықтар Мемлекет басшысының барлық бастамаларын қолдап, өз дауыстарымен нағыз отаншылдықтың үлгісін паш етті.

Бүгінде жаһан жұрты Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың көшбасшылығына және қабылданған Конституциямыздың прогрессивті сипатына куә болып отыр. Бұл Қазақстанның жоғары беделі мен жүргізіліп жатқан реформалардың тиімділігін айқын білдіреді», – деді Премьер-министр.

Олжас Бектенов Үкімет пен Парламенттің бірлесіп жаңа Конституцияға сәйкес заңдар мен заңға тәуелді актілерді жаңартуға тиіс екенін, 5 жаңа және 8 қолданыстағы конституциялық заңға, сондай-ақ 60-тан астам заңға түзетулер енгізу қажеттігін атап өтті. Сондай-ақ Ата заңды жаппай басып шығару, электрондық платформаларда орналастыру және білім беру саласына арналған әдістемелік құралдарды әзірлеу бойынша іс-шаралар жоспары қажет екені айтылды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *