МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ДОНАЛЬД ТРАМПҚА ҚҰТТЫҚТАУ ЖЕДЕЛХАТЫН ЖОЛДАДЫ
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Америка Құрама Штаттарының Президенті Дональд Трампты туған күнімен құттықтап, жеделхат жолдады, — деп хабарлайды «Taraz24news.kz» ақпараттық порталы.
Құттықтау мазмұнында Қазақстан мен АҚШ арасындағы кеңейтілген стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайтуға екі елдің де мүдделі екені атап өтілген. Сондай-ақ жоғары деңгейдегі саяси диалогтың тұрақты дамуы мен сауда-экономикалық, инвестициялық бағыттардағы ынтымақтастықтың қарқынына ерекше назар аударылған.
Президент өз жолдауында Қазақстанның бейбітшілікті сақтау, өзара түсіністікті арттыру және орнықты даму бастамаларын ілгерілетуге бағытталған бірлескен жұмысты жалғастыруға дайын екенін жеткізді.
Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трампқа амандық, бақ-береке тілеп, оның АҚШ халқының игілігі жолындағы жауапты мемлекеттік қызметіне табыс тіледі.

