BASTY BETJAŃALYQTAR

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА ЖАҢА «ЖАС САҚШЫ» САБАҚ КЛАСЫ АШЫЛДЫ

2026 жылғы 17 ақпанда Жамбыл ауданы, Гродеково ауылының орта мектебінде «Заң және тәртіп» идеологиясы және «Адал азамат» бірізді тәрбиелік бағдарламасы аясында профильдік «Жас сақшы» классы өз жұмысын бастады.

Салтанатты ашылуға Жамбыл ауданы полиция бөлімінің басшысының орынбасары Мадияр Кожахметов, Газиз Байтасовтың ұлы — Адильжан Абдібеков, аудандық білім бөлімінің өкілдері қатысты.

Мадияр Кожахметов мектеп оқушыларымен сөйлесіп, «Жас сақшы» жобасының жастарға заңға құрмет көрсету, тәртіптілікке баулу және жеке жауапкершілік қалыптастыруға бағытталғанын атап өтті. Сабақ барысында оқушылар заң негіздерімен танысып, полиция қызметінің ерекшеліктерін және құқық қорғау органдарының қоғамдағы қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі рөлін үйренеді.

Кластың іріктелген оқушылары салтанатты жағдайда ант беріп, жобаға қатысушыларға арналған жеке куәліктерін алды. Іс-шара әскери оркестр қатысқан концерттік бағдарламамен қорытындыланды.

«Жас сақшы» жобасын жүзеге асыру арқылы жас ұрпақтың құқықтық мәдениетін дамыту, заңға құрмет қалыптастыру және мектептер мен полиция бөлімшелері арасындағы ынтымақтастықты нығайту көзделіп отыр.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *