BASTY BETBILİKJAŃALYQTAR

ТОҚАЕВ ПАРЛАМЕНТАРАЛЫҚ ОДАҚ ПРЕЗИДЕНТІМЕН КЕЗДЕСТІ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламентаралық одақтың президенті, Аустралия Парламенті Өкілдер палатасының спикері Милтон Дикті қабылдады. Кездесу барысында парламенттік байланыстарды нығайту, халықаралық ынтымақтастық және Қазақстан мен Аустралия арасындағы қарым-қатынастың келешегі талқыланды, – деп хабарлайды «Taraz24news.kz» ақпараттық агенттігі,  akorda.kz сайтына сілтеме жасап. 

Әңгіме басында Президент Милтон Дикті Парламентаралық одақ президенті лауазымына сайлануымен құттықтап, жауапты қызметіне табыс тіледі. Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның аталған ұйыммен көпжылдық ынтымақтастығын жоғары бағалайтынын атап өтті. Сондай-ақ Парламентаралық одақтың халықаралық серіктестікті дамытудағы маңызды рөліне тоқталып, ұйыммен байланысты одан әрі тереңдетуге ниетті екенін жеткізді.

Мемлекет басшысы елімізде саяси жүйені жаңғырту және демократиялық институттарды нығайту бағытында жүзеге асырылып жатқан реформаларға да тоқталды.

Өз кезегінде Милтон Дик Парламентаралық одақ президенті ретінде ресми сапармен келген алғашқы ел Қазақстан екенін ерекше атап өтті. Ол еліміздегі саяси және экономикалық өзгерістерге жоғары баға берді.

Кездесу барысында тараптар парламенттік дипломатияны дамыту, жасанды интеллектінің мүмкіндіктері және Қазақстан мен Аустралия арасындағы ынтымақтастықтың алдағы бағыттары жөнінде пікір алмасты.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *