BASTY BETJAŃALYQTAR

ШӘКЕН НИЯЗБЕКОВ АУЫЛЫНДА 200 ОРЫНДЫҚ БАЛАБАҚША АШЫЛДЫ

Шәкен Ниязбеков ауылында балаларға сапалы білім мен тәрбие беруге арналған, заман талабына сай жабдықталған «Айбике KZ» бөбекжай-бақшасының жаңа ғимараты ашылды, деп хабарлайды «Taraz24news.kz» ақпараттық агенттігі. Жаңа балабақша 200 балаға есептелген. Ғимарат толықтай заманауи стандарттарға сәйкес салынған, оның ішінде 8 оқу-тәрбие кабинеті, 1 мәжіліс залы және медициналық кабинеттер қарастырылған. Барлық жағдай балалардың қауіпсіздігі мен жан-жақты дамуына бағытталған.

Ашылу рәсіміне аудан әкімі Ерлан Қыдыралыұлы қатысып, ауыл тұрғындарын жаңа білім ордасының ашылуымен құттықтады. Сонымен қатар шараға аудан ардагерлері мен ауыл тұрғындары қатысты. Жаңа балабақша жекеменшік серіктестік аясында ашылып, ауылдағы мектепке дейінгі білім беру сапасын арттыруға өз үлесін қоспақ.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *