BASTY BETBILİKJAŃALYQTAR

ОЛЖАС БЕКТЕНОВ EXXONMOBIL БАСШЫЛЫҒЫМЕН МҰНАЙ-ГАЗ САЛАСЫНДАҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫ ТАЛҚЫЛАДЫ

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов ExxonMobil компаниясының аға вице-президенті Питер Ларденмен кездесу өткізіп, мұнай-газ саласындағы бірқатар өзекті мәселелерді қарастырды. Тараптар Теңіз, Қашаған және Каспий құбыр консорциумы бойынша ортақ жобаларға қатысты ұсыныстарды талқылады – деп хабарлайды «Taraz24news.kz» ақпараттық агенттігі, primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.

Кездесу барысында Премьер-министр Теңіз кен орнындағы жағдайға байланысты алаңдаушылық білдірді. Қысқа мерзім ішінде апат салдарын жою жұмыстарының жедел жүргізілуі және осындай жағдайлардың қайталануын болдырмауға бағытталған шараларды күшейту қажеттілігі атап өтілді.

Сонымен бірге Каспий құбыр консорциумының жұмысы сөз болды. Тараптар инфрақұрылымдық нысанның тұрақты және үздіксіз қызмет етуінің маңыздылығын атап өтіп, оның тиімді жұмысын қамтамасыз етуге ортақ қызығушылық танытты.

Көмірсутек кен орындарын игеру тиімділігін арттыру да талқылаудың негізгі бағыттарының бірі болды. Әсіресе геологиялық барлауды дамыту мәселесіне мән берілді. Бұл міндеттер Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың V отырысында жүктеген тапсырмаларымен үндеседі.

Кездесуде ағымдағы жылға жоспарланған өндірістік көлемдер де қаралды. 2025 жылы Келешекте кеңейту жобасының аяқталуына байланысты Теңіз кен орнында мұнай өндіру 39 млн тоннадан асады деп жоспарлануда. Қашағанда бұл көрсеткіш 18 млн тоннадан асады. Ал Каспий құбыр консорциумы арқылы жөнелтілетін жалпы көлем 70,5 млн тоннаны құрады, оның ішінде қазақстандық мұнай – 63,8 млн тонна.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *