ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ЕЭК АЛҚАСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫН ҚАБЫЛДАДЫ
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы Бақытжан Сағынтаевты қабылдады, деп хабарлайды «Taraz24news.kz» ақпараттық агенттігі, akorda.kz сайтына сілтеме жасап.
Кездесуде Еуразиялық экономикалық одақтың қазіргі ахуалы және оның алдағы кезеңдегі даму перспективалары талқыланды. Әсіресе Қазақстанның 2026 жылы Еуразиялық экономикалық одаққа төрағалығы аясында атқарылатын жұмыстардың негізгі бағытына баса мән берілді.
Сондай-ақ Мемлекет басшысына 21 желтоқсанда Санкт-Петербург қаласында өтетін Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысына дайындық барысы жөнінде мәлімет ұсынылды.
