BASTY BETBILİKJAŃALYQTAR

РОМАН СКЛЯР ҚЫТАЙДАҒЫ ЧЖЭЦЗЯН ПРОВИНЦИЯСЫНЫҢ БАСШЫЛЫҒЫМЕН ЖӘНЕ ІРІ КОМПАНИЯ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр Қытайға жұмыс сапары аясында Ханчжоу қаласында Чжэцзян провинциясы партия комитетінің хатшысы Ван Хао мырзамен және Қытайдың жетекші өнеркәсіптік компанияларының басшыларымен бірқатар кездесу өткізді, деп хабарлайды «Taraz24news.kz» ақпараттық агенттігі, primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.

Кездесулер барысында тараптар екіжақты стратегиялық әріптестіктің басым бағыттарын талқылап, инвестициялық және өнеркәсіптік ынтымақтастықты одан әрі тереңдету мүмкіндіктерін қарастырды. Сонымен қатар Қазақстан мен Чжэцзян провинциясы арасында машина жасау, автомобиль өндірісі, жаңа және жоғары технологиялар салаларындағы ынтымақтастықты нығайту, оның ішінде өңіраралық деңгейде өзара іс-қимылды жандандыру мәселелері сөз болды.

Тараптар Қазақстан–Қытай өнеркәсіптік ынтымақтастығының тұрақты дамуын және қытайлық компаниялардың ірі индустриялық жобаларды іске асырудағы тәжірибесін атап өтті. Өзара іс-қимылдың екі ел арасындағы стратегиялық әріптестік аясында жүзеге асатыны және экономиканың серпінді салаларын ұзақмерзімді технологиялық дамытуға бағытталғаны айтылды.

Кездесу қорытындысы бойынша қытайлық компания өкілдері қол жеткізілген уағдаластықтарды кезең-кезеңімен іске асыруға, өндірістік және технологиялық ынтымақтастықты кеңейтуге, сондай-ақ Қазақстан аумағында заманауи инженерлік шешімдерді локализациялауға дайын екендіктерін білдірді.

Өз кезегінде Роман Скляр Қазақстан Үкіметі бірлескен бастамаларды жан-жақты қолдауға, оларды үйлестіруге және жобалардың барлық кезеңде табысты іске асуы үшін қолайлы жағдай жасауға дайын екенін жеткізді. Сондай-ақ Қазақстан–Қытай стратегиялық әріптестігі шеңберінде металлургия, тау-кен байыту және автомобиль өндірісі салаларындағы басым жобаларды бірлесе пысықтауды жалғастыру жөнінде уағдаластыққа қол жеткізілді.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *