ТАРАЗДА ЖАСТАРМЕН «САНАЛЫ ҰРПАҚ – ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ» ТАҚЫРЫБЫНДА КЕЗДЕСУ ӨТТ
Тараз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөліміне қарасты «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен Тараз сервис және технология колледжінде жастармен «Саналы ұрпақ – жарқын болашақ» тақырыбында кездесу өтті, деп хабарлайды «Taraz24news.kz» ақпараттық агенттігі.
Кездесудің негізгі мақсаты – жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, адалдық пен әділдік қағидаларын насихаттау, сондай-ақ құқықтық сауаттылықты арттыру. Іс-шара барысында сыбайлас жемқорлықтың қоғам дамуына тигізетін кері әсері, оның әлеуметтік әділетсіздікке алып келетін салдары туралы кеңінен сөз қозғалды.
Кездесуге Тараз қаласы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті превенция басқармасының бас маманы Айбек Ажибаев, Жамбыл облысы бойынша құқықтық статистика және арнайы есепке алу департаментінің аға прокуроры Кенжебеков Бекзат Алиханұлы, сондай-ақ Тараз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөліміне қарасты «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің NEET жастар және жас отбасылармен жұмыс секторының меңгерушісі Махамбетова Рамида Ерболқызы қатысты.

