BASTY BETBILİKJAŃALYQTAR

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ АҚШ БОЙЫНША АРНАЙЫ ӨКІЛ ЕРЖАН ҚАЗЫХАНДЫ ҚАБЫЛДАДЫ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ бойынша арнайы өкілі Ержан Қазыханды қабылдады. Кездесу барысында Қазақстан мен Америка Құрама Штаттары арасындағы екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелері және алдағы келіссөздерге дайындық барысы талқыланды, – деп хабарлайды «Taraz24news.kz» ақпараттық агенттігі, akorda.kz сайтына сілтеме жасап. 

Ержан Қазыхан Президентке АҚШ басшысы Дональд Трамптың шақыруымен G20 саммитіне қатысу үшін Майами қаласына жоспарланған сапарға дайындық жөнінде баяндады.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен АҚШ арасындағы кеңейтілген стратегиялық серіктестікті одан әрі дамытуға бағытталған нақты міндеттер жүктеді.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *