BASTY BETBILİKJAŃALYQTAR

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ РЕСЕЙ ПРЕЗИДЕНТІ ВЛАДИМИР ПУТИНМЕН КЕЗДЕСТІ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен кездесу өткізді. Кездесу барысында тараптар екіжақты ынтымақтастық пен халықаралық ұйымдар аясындағы өзара іс-қимыл мәселелерін талқылады, деп хабарлайды «Taraz24news.kz» ақпараттық агенттігі, akorda.kz сайтына сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаев дәстүрге айналған Петербургтегі кездесудің мазмұнды өткенін атап өтіп, Еуразиялық экономикалық одақ қызметіне қатысты бірқатар маңызды мәселелер қарастырылып, тиісті шешімдер қабылданғанын айтты. Сондай-ақ Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы шеңберіндегі ықпалдастықтың өзекті бағыттары талқыланғанын жеткізді.

Президенттің айтуынша, ТМД – заман талабына сай әрі беделді халықаралық ұйым. Биылғы жылы екіжақты ынтымақтастық табысты дамып, Қазақстан мен Ресей арасындағы қарым-қатынас жаңа қарқын алған. Мемлекет басшысы 12 қарашада Ресейге жасаған мемлекеттік сапарының нәтижелі болғанын атап өтіп, көрсетілген қонақжайлық үшін ризашылығын білдірді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Ресеймен стратегиялық серіктестік пен одақтастық байланыстарға айрықша мән беретінін айтып, екі ел азаматтарының күнделікті өміріне қатысты мәселелерде бірлесіп әрекет ету маңызды екенін атап өтті. Оның пікірінше, өзара ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған ортақ жұмыс екі халықтың да түпкі мүддесіне сай келеді.

Өз кезегінде Владимир Путин кездесуде соңғы күндері атқарылған жұмыстарға тоқталып, бейресми форматта ҰҚШҰ, ТМД аясындағы қызмет пен екіжақты ынтымақтастық жағдайы талқыланғанын айтты. Ресей Президенті Қазақстан мен Ресей арасындағы өзара байланыстардың басым бағыттарын дамыту мақсатында өткен кездесудің маңыздылығын атап өтті.

Владимир Путиннің айтуынша, екі ел арасындағы барлық салада ынтымақтастық оң қарқынмен дамып келеді және шешілмеген немесе түйткілді мәселелер жоқ.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *