BASTY BETBILİKJAŃALYQTAR

ПРЕЗИДЕНТ РЕСЕЙ ЕЛШІСІ АЛЕКСЕЙ БОРОДАВКИНДІ ҚАБЫЛДАДЫ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ресейдің Қазақстандағы елшісі Алексей Бородавкинді қабылдады. Бұл туралы «Taraz24news.kz» ақпараттық агенттігі akorda.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Кездесу барысында Мемлекет басшысы екі ел арасындағы көпжоспарлы ынтымақтастықтың барлық бағыт бойынша тұрақты дамып келе жатқанын атап өтті. Оның айтуынша, ортақ күш-жігердің нәтижесінде Қазақстан мен Ресей арасындағы саяси диалог бұрын-соңды болмаған деңгейге көтерілді.

Сонымен қатар Президент жуырда Ресей Федерациясына жасаған мемлекеттік сапарының табысты өткенін және Владимир Путинмен өткізген келіссөздердің маңызды нәтижелер бергенін атап өтті. Ол келіссөздер стратегиялық серіктестік пен одақтастық қатынастардың одан әрі тереңдеуіне жаңа серпін қосқаны айтылды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *