BİLİMJAŃALYQTARTARAZ 24 ONLINE

«СЫҢҒЫРЛА, КҮМІС ҚОҢЫРАУ!»

Жаңа оқу жылындағы алғашқы қоңырау Тараз қаласындағы өзге де мектерде соғылды. Үш ай демалыстан соң оқушылар білім ордаларына оралды. Салтанатты жиындар алдағы бейнематериалда.

Бүгін барлық оқушылар мектеппен қайта қауышты. 5 мектеп-гимназияда да мерекелік жиын өтті. Айта кету керек, дәл осы білім ошағы тамыз кеңесінде «үздік аймақтық мектеп» номинациясына ие болып, қаржылай сертификатты жеңіп алған болатын. Биыл алтын ұя табалдырығын алғаш рет 236 бүлдіршін аттады. Жалпы биылғы оқу жылында мектепет 2420 оқушымен білім алмақ.

– Биылғы оқу жылының басты жаңалықтарының бірі өзіміздің 34 аптаның қайта келуі. Биылғы оқу жылы 25 мамырда аяқталатын болды. Мектептің жалпы ғимаратының оқу сыйымдылығы 1444 оқушыға арналған. Яғни оқушыв тапшылығ жоқ. Сондықтан біз 5 күндікті таңдап отырмыз,-дейді Эльмира Қойлыбаева, Ж.Жабаев атындағы №5 мектеп-гимназиясының директоры

Сондай-ақ Төле би атындағы номер 8 ші мектепте де алғашқы қоңырауы үні естілді. Биыл бұл білім ордасы «Үздік мектеп» номинациясын иеленіп, 1миллион теңгенің сертификатына ие болды. Жаңа оқу жылында 2500 ге жуық оқушы білім алады. Оның 240-ы 1 сынып оқушылары.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *