BASTY BETBİLİMJAŃALYQTAR

ТАРАЗДА ОҚУШЫЛАР АРАСЫНДА ҚҰҚЫҚТЫҚ САУАТТЫЛЫҚТЫ АРТТЫРУҒА БАҒЫТТАЛҒАН ІС-ШАРА ӨТТІ

24 қараша күні Тараз қаласындағы Ә.Бөкейханов атындағы №1 гимназияда 8–10 сынып оқушылары арасында құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында «Балалардың құқықтарын қорғау» және «Заң мен тәртіпті өзімізден бастайық» тақырыбында іс-шара ұйымдастырылды, деп хабарлайды «Taraz24news.kz» ақпараттық агенттігі.

Шараның негізгі мақсаты – балалардың заңдық тұрғыда белгіленген құқықтарын түсіндіру, олардың күнделікті өмірде қолданылуын нақты мысалдармен көрсету және оқушыларға қауіпсіз орта қалыптастыру жолдарын таныстыру болды.

Іс-шара барысында қатысушыларға Бала құқықтары туралы Конвенция, Қазақстан Республикасының «Баланың құқықтары туралы» Заңы, сондай-ақ балалардың қауіпсіздігі мен әл-ауқатын қамтамасыз етуге бағытталған ұлттық саясат жөнінде кең көлемді мәлімет берілді.

Оқушыларға өз құқықтарын қорғау жолдары, қиын жағдай туындағанда қай органдарға жүгіну керектігі, буллинг пен кибербуллингтің алдын алу, киберқауіпсіздік талаптары мен қауіпсіз мінез-құлық ережелері түсіндірілді.

Бағдарлама топтық жұмыс, пікірталас, жобалық тапсырмалар және бейнематериалдар арқылы өткізілді. Бұл оқушылардың белсенді қатысуына мүмкіндік беріп, құқықтық білімге деген қызығушылығын арттырды. Шара соңында оқушылар пікір алмасып, өздерін толғандырған сұрақтарын қойды.

Жалпы, ұйымдастырылған іс-шара балалардың құқықтық мәдениетін дамытуға және құқықтарын қорғауға қатысты нақты түсінік қалыптастыруға оң ықпал етті.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *