МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ САЛАСЫНДАҒЫ ЗАҢНАМАНЫҢ САҚТАЛУЫ ТҰРАҚТЫ БАҚЫЛАУДА
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының талаптарына сәйкес Мемлекеттік қызмет істері агенттігі мен оның аумақтық департаменттері мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызмет саласындағы заңнаманы және мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдепті сақтауын тұрақты бақылауда ұстайды. Осы орайда, департамент тарапынан мемлекеттік қызмет саласындағы заңнама талаптарының орындалуын қамтамасыз ету мақсатында жүйелі бақылау шаралары жүргізілуде, деп хабарлайды «Taraz24news.kz» ақпараттық агенттігі.
Ағымдағы жылдың тоғыз айының қорытындысы бойынша мемлекеттік қызмет саласында 28 тексеру жүргізілген. Оның ішінде 7-і жоспарлы, ал 21-і жоспардан тыс тексерулер болып табылады.
Тексерулердің нәтижесінде мемлекеттік қызмет туралы заңнаманы бұзудың 317 фактісі анықталып, бұзушылықтарды жою жөнінде 14 ұсыну енгізілген. Нәтижесінде 201 заңбұзушылық бойынша қалпына келтіру жұмыстары атқарылып, 44 азаматтың (оның ішінде 43-і мемлекеттік қызметші, 1-і жеке тұлға) құқықтары қорғалды. Сонымен қатар, 12 мемлекеттік қызметші тәртіптік жауапкершілікке тартылған.
Мемлекеттік қызмет саласындағы заңнаманың сақталуын қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасатын болады.

