BASTY BETBILİKJAŃALYQTAR

ЖОЛДАУ-2024: «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» БАСТАМАСЫНА 10 МИЛЛИОННАН АСТАМ АДАМ ҚАТЫСТЫ

Президенттің «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» Жолдауын және Мемлекет басшысының тапсырмаларын жүзеге асыру аясында республика бойынша «Таза Қазақстан» экологиялық бастамасы қолға алынды,-деп хабарлайды  «Taraz24news.kz» ақпараттық агенттігі, ҚР Үкіметінің ресми Telegram-арнасына сілтеме жасап.

Жоба басталғалы бері елімізде 1 мыңнан астам экологиялық акция ұйымдастырылды. Оған 10,4 миллионнан астам адам қатысып, олардың ішінде 586 мыңға жуық ерікті атсалысты. Нәтижесінде 1,6 миллион тоннадан астам қалдық жиналып, 859,6 мың гектар аумақ тазартылғаны айтылды.

Ресми деректерге сәйкес, «Таза Қазақстан» бастамасы экологиялық жағдайды жақсартуға, қоғамда қоршаған ортаға деген жауапкершілік мәдениетін қалыптастыруға бағытталған.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *