BASTY BETJAŃALYQTARTARAZ 24 ONLINE kzЭкономика

ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚ – ЗАМАН ТАЛАБЫ

Халық қаржыны жинауды емес, жылдам ақша табуды ойлайды. Бұл мамандар пікірі. Қаржылық тәуелділік салдары көп адамды сарсаңға салып отыр. Мәселен, несиеге жүгіну немесе қаржыны екі есеге көбейтемін деп алданып жатқан азаматтар жетерлік. Дәл осындай жағдайға түскендерді тығырықтан шығаруға көмектесетін жоба Жамбыл жерінде де жүзеге асып жатыр.

Несиені алу, оны өтей алмау – қаржылық сауаттылықтың төмен болуынан. Бұл мамандар пікірі. Сондықтан «Аманат» партиясы мен «Халық банкі» азаматтарды тығырықтан шығуы үшін «Қарызсыз қоғам» жобасын іске қосты. Мәселен, жоба аясында Жамбыл облысының өзінде 10 000 мың адам білім алған. Сарапшылардың сөзінше дәріс тыңдаушылардың басым бөлігі – қарызға батқандар

– Кредиттерін өтей алмай просрочкамен жүр.Бір айдан жоғары просрочка жасап олда қаржылық сауаттылықтың аздығы. Ал қазіргі таңда бізде мынау айлыққа дейін ақша беріп жатқан займдар бар. Адамдарға айтып түсіндіріп жатырқ. Ол жерде пайыздық мөлшерлеме өте жоғары екенін,-дейді Нұрбек Жаманқұлов, «қарызсыз қоғам» жобасы бойынша сарапшы

Қаржылық қиындықтарға тап болмас үшін мамандар ақшаны сауатты жұмсау қағидаларын білсе жеткілікті дейді. Ал облыстың барлық аудандарынан жобаға қатысып жатқан азаматтарға қаржылық сауаттылық туралы 5 күн бойы дәріс оқылады. Елді мекендердегі жұмыссыздық мәселесін шешу мақсатында халық арасында «Ауыл аманаты» сынды жобалар да насихатталып жатыр. Оқыту курсына қатысқан азаматтар мұндай игі бағдарламалар жалғасын табуы тиіс деген пікірлерін білдірді.

– Қарызссыз қоғамда бізге үйретіп жатқаны ақшаны қалай дұрыс жұмсауды, және кіріспен шығысты есептеуді және дұрыс кредит ала білуді, кредитті қалай алу керек қалай грамота алу керек деген жайлы үйретіп жатыр,-дейді Айгерім Исақұлова, дәріс тыңдаушы

Дәріске қатысқандар арасында кәсіп бастауға ниетті азаматтар анықталып, 350 бизнес-жоспар дайындауға көмек көрсетілген. Мамандар оларға 1 жыл бойы кеңестік қолдау болатындығын айтады. 2 мамырдан бері жүзеге асып жатқан жобаны енді келесі жылы жергілікті әкімдікпен бірлесіп отырып жалғасын таппақ.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *