BASTY BETBILİKJAŃALYQTAR

ҚАЗАҚСТАН ПРЕЗИДЕНТІ ТҮРКИЯҒА РЕСМИ САПАРМЕН БАРДЫ

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ресми сапармен Түркия астанасы Анкараға келді. Әуежайда оны Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанның өзі қарсы алды. Салтанатты қабылдау барысында құрмет қарауылы сап түзеп, ресми рәсімдер өтті, – деп хабарлайды «Taraz24news.kz» ақпараттық агенттігі Мемлекет басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Түркия тарапына қонақжайлығы үшін алғыс білдіріп, екі ел арасындағы бауырластық пен ынтымақтастықты жоғары бағалады. Ол сапар аясындағы келіссөздердің мазмұнды болатынына және жоспарланған шаралардың толық жүзеге асатынына сенім білдірді.

Айта кетейік, 29 шілдеде мемлекет басшылары стратегиялық әріптестікті тереңдетуге бағытталған келіссөздер жүргізеді.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *