BASTY BETJAŃALYQTARQOǴAM

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРҒА МЕМЛЕКЕТТЕН 1,5 МИЛЛИОН ТЕҢГЕГЕ ДЕЙІН ҚАЙТАРЫМСЫЗ ГРАНТ АЛУ МҮМКІНДІГІ ҰСЫНЫЛДЫ

2025 жылғы 21 мамырдан бастап жаңа бизнес-идеяларды жүзеге асыруға арналған гранттар бойынша бірінші легке өтінім қабылдау басталады. Өтінімдер Business.enbek.kz порталы арқылы қабылданады. Бұл бастама аясында республика бойынша 4 500 грант беру жоспарланған,-деп хабарлайды «Taraz24news.kz» ақпараттық агентігі, Tengrinews.kz  ақпараттық порталына сілтеме жасап.

Гранттар қайтарымсыз негізде ұсынылады. Алынған қаражатты жаңа бизнесті бастауға және дамытуға бағыттау қажет. Бір реттік берілетін грант мөлшері — 400 айлық есептік көрсеткіш немесе 1 572 800 теңге.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің хабарлауынша, бұл қолдау шарасы кәсіп бастауға ниетті азаматтардың бизнес-жобаларын жүзеге асырып, тұрақты табыс табуына мүмкіндік береді.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *