BİLİMJAŃALYQTARQOǴAM

«ЖАЙЛЫ МЕКТЕП» ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Таразда «Жайлы мектеп» жобасы аясында заманауи білім ұясы пайдалануға берілді. «Ұлы Дала» шағын ауданында бой көтерген №69 мектепте білім алушылар үшін барлық жағдай жасалған. Білім ордасы 2000 адамға шақталған Салтанатты ашылуға қатысқан аймак басшысы жаңа мектептің лентасын қиып, кілтін табыстады.

Оқушылар үшін ғимаратта интерактивті тақта, зертханалық кабинеттер, жайлы кітапхана, арнайы шеберханалар мен коворкинг сынды кабинеттер қарастырылған. Ал іс-шараға қатысқан облыс әкімі Ербол Шырақпайұлы мектеп ұжымын, оқушылар мен ата-аналарды жаңа білім ордасының ашылуымен құттықтады. Сондай-ақ балаларға арналған интерактивті панельын сыйға тартты.

Мектеп озық технологиялармен жабдықталып, оқушылардың қауіпсіз білім алуына барлық жағдай жасалған. Жылдан жылға қарыштап дамып келе жатқан заманауи ғылыми жетістіктерге ілесу үшін де сапалы білім керек. Сондықтан білім беру инфрақұрылымын ресурстық қамтамасыз ету – өңірді дамытудың негізгі бағытының бірі болып қала береді,-деді жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев.           

Заманауи үлгіде салынған жайлы мектептің арқасында енді шағын аудан оқушылары үш ауысымда оқып, әуре сарсаңға түспейді. Бұған дейін нөмірі 54-ші мектепте білім алған. Ата-аналар енді балаларымыз сабаққа қатынау үшін қиналмайтын болды, -деп ризашылықтарын білдірді.

Керемет. Айтып жеткізе алмаймын енді. Біздің өзіміздің мектепке 16 жыл болды ғой. Ескі мектеп болғаннан кейін, жаңа мектепке келген бала қандай болады, өздеріңіз білесіздер ғой. Жаңа нәрсе жаңа болады, ескі нәрсе ескі болады. Сол себепті өзімізге ұнайды, аналар келіп жатыр, рақметін айтып жатыр. Қуаныштымыз,-деді көпбалалы ана Майра Ақылова        

Айта кетейік, биыл 26 білім нысанның құрылысы жоспарланып, жыл соңына дейін 21 нысан, оның ішінде 11 мектеп пен 10 жапсарлас құрылысы бар білім ошақтарын іске қосу жоспарлануда, – дейді жауаптылар. Ал, 2026 жылы қосымша 6 білім ұясының құрылысы басталмақ.

Авторы: Махаббат Кусаин

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *