AGROJAŃALYQTARQOǴAM

«АУЫЛ АМАНАТЫ» ЖОБАСЫ СӘТТІ ЖҮЗЕГЕ АСУДА

Жамбылда  «Ауыл аманаты» жобасы сәтті жүзеге асып жатыр. Ерекшелігі өңірде мемлекет тарапынан берілетін 2,5 пайыздық несиемен қатар, тауарлық несие де қаралған. Яғни, тұрғындар жергілікті шаруа қожалықтарынан ешқандай кепілсіз мал ала алады.

«Жалын» шаруа қожалығының жетекшісі Гаухар Омарова мен ауыл тұрғыны Ержан Ошақбаев 5 жыл мерзімге келісімшарт  жасады.  Өзара міндеттемелерін бекітті. Осылайша кәсіпкер ауылдасына қолдау көрсетіп, жергілікті шаруашылықтың дамуына үлес қосып отыр. Бұл жоба «Тауарлы несие» бағдарламасы аясында жүзеге асырылуда.

Президенттің жолдауы бойынша мына тауарлы кредит туралы айтатын болсақ, қазір бизнес шығып жатыр, соған екі қошқар мен 50 қой беріп отырмын. Ол екі қошқар 50 қойдан жылына 50 қой өзіне қалады, ал жылдағы төлінен 25 қозы маған беріп отырады. Сонда 5 жылда 125 қозы беріп, 50 қой өзінде қалады, – деді «ЖАЛЫН» ШҚ жетекшісі Гаухар ОМАРОВА.

Айта кетейік, аталмыш бағдарлама аясында  бұған дейін Шу ауданында “Атай” шаруа қожалығы Абай ауылының екі тұрғынына 6 млн теңгеге 100 қой берген. Ал Мойынқұм ауданындағы “Үркер” қожалығы 20 ірі қара мен 100 қой бөлуге ниет білдірген. Мұндай қолдаулар ауыл жұртшылығы үшін тұрақты табыс көзіне айналып, олардың тұрмыс деңгейін көтеруге сеп болмақ. Алдағы уақытта мұндай жобалардың саны артып, жаңа мүмкіндіктер пайда болады деп күтілуде

Автор: Ләйлә Аманбай

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *