AGROBASTY BETJAŃALYQTARQOǴAM

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА БИЫЛ 200 МЫҢҒА ЖУЫҚ КӨШЕТ ОТЫРҒЫЗУ ЖОСПАРЛАНУДА

Жамбыл облысында өткен жылы республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында ауқымды жұмыстар атқарылды,-деп хабарлайды «Tazar24news.kz» ақпараттық агентігі.

Атап айтар болсақ, 60 тарихи-мәдени ескерткіш, 143 саябақ пен сквер аумағы, 829 шақырым канал мен арық жүйесі, 137,5 мың аула мен 4,8 мың шақырым көше жолы тазартылды. 30 875 тонна қоқыс шығарылып, 60 мыңға жуық көшет отырғызылды.

Өңір тұрғындары аптаның 5 күнінде өтетін сенбіліктерге белсенді қатысты. Экологиялық мәдениетті қалыптастыру, қоршаған ортаны тазарту, көгалдандыруға қомақты үлес қосты.

Акция аясында «Үлгілі ауыл» байқауы ұйымдастырылды. 8 ауылдық елді мекен жеңімпаз деп танылып, ақшалай сертификаттарға ие болды. Бұл қаржыға әлеуметтік нысандардың құрылысы, сондай-ақ ауылдағы ғимараттарға ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіледі.2025 жылы да облыста ауқымды іс-шараларды іске асыру көзделген.

Тарихи-мәдени ескерткіштер, саябақ пен сквер аумағына санитарлық тазалық және абаттандыру жұмыстары тұрақты түрде жүргізіледі. Сонымен бірге 1 000 шақырым канал мен арық жүйесі, 200 мың аула мен 10 мың шақырым көше жолы күл-қоқыстан тазартылады. Бұдан бөлек, 200 мыңға жуық көшет отырғызылады деп күтілуде.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *