ҚАЛАЛЫҚ СЕМИНАР-КЕҢЕС
Санаулы күннен соң оқу жылы аяқталады. Биылғы жылы облыста 12 сауықтыру лагерьлері мен орталықтардың 8-і жұмыс істеуге дайындық жұмыстарын жүргізуде. Осы орайда «Каникул кезеңінде балалардың сауықтырылу демалысын, бос уақытын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру» тақырыбында қалалық семинар өтті. Іс- шараға білім бөлімінің жауапты педогогтері қатыстып, лагерлердің ерекшеліктері мен тиімділігіне тоқталып, іс-тәжірибелерімен бөлісті, – деп хабарлайды «Taraz24newskz» ақпарат агенттігі.
Тараз қаласы білім бөлімінің ұйымдастыруымен өткен шараға білім беру мекемелерінің жауапты қызметкерлері қатысты. Оларға биылғы оқу жылындағы балалардың жазғы демалысы, , қауіпсіздік шаралары мен алғашқы медициналық көмек негіздері бойынша практикалық нұсқаулықтар жүргізілді. Айта кетейік, оқу ағарту министірлігінің тапсырмасына сәйкес биылғы жазғы лагерлер жаңа бағдарлама бойынша жұмыс жүргізбек.
- Биылғы оқу ағарту министрлігі тарапынан бір тұтас тәрбие бағдарламасы аясында түсіріп отықан жаңа программада жұмыс жасайтын боламыз. яғни бұл жерде білім беру ұйымдары, киіз үйлерден, қазақи ұлттық нақышты дәріптей отырып. Сонымен қатар әскери патриоттық бағытта, балардығ шығармашылығын, спортқа деген қызығушылығын арттыру бағытында осындай 3 түрлі бағытта жұмыстар жүргізілетін боламыз, – дейді Тараз қалалық білім бөлімінің бас маманы Қайрат Укебасов
Жазғы демалыс кезіндегі мектеп жанындағы күндізгі лагерьлер бейіндік бағыттар бойынша балаларды қабылдайды. Осы орайда семинар-кеңес ұйымдастырушылары мен №16,26,39,46 мектеп педагогтері спорттық, шығармашылық, техникалық, тілдік бағыттардағы, лагерьлердің ерекшеліктері мен тиімділігіне тоқталып, іс-тәжірибелерімен бөлісті. Сонымен қатар қалалық семинар аясында 1-4 сынып оқушыларына «GUIDEBOOK» кітабы таныстырылды.
Айта кетейік, алдын ала мектеп жанындағы лагерьлерде бейіндік бағыттар таңдалып, дайындық жұмыстары жүргізілуде. Бағыт түріне қарай спорт мектептерімен колледждер, ЖОО-мен, қосымша білім беру мекемелерімен бірлесе жұмыс атқару бойынша келісім жасалуда. дейді мамандар. Семинар-кеңес соңында «Балалардың жазғы демалысы мен сауықтырылуы, жұмыспен қамтылуының үздік авторлық бағдарламасы» және «Үздік құқықтық кеңес» жобалар байқауының жеңімпаздары марапатталды.