BASTY BETBİLİMJAŃALYQTARАймақ

ДАРЫНДЫ ОҚУШЫЛАР МАРАПАТТАЛДЫ

     Бүгін облыс әкімі Е.Қарашөкеев  халықаралық, республикалық олимпиадалар мен ғылыми жобалар жарысының жеңімпаздарымен кездесті. Басқосуға барлығы 124 дарынды оқушы мен  оларды білім бәйгесіне даярлаған ұстаздары да қатысты, -деп хабарлайды  «Taraz24newskz» ақпарат агенттігі.

    «Өскелең ұрпақтың үйлесімді дамуы мен бақытты балалық – бұл біздің жалпыұлттық міндетіміз», деп Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, Жамбыл облысының дарынды жеткіншектері де өз қарым-қабілеттерін дамытып, білімді екендіктерін түрлі юбайқауларда дәлелдеп жүр. Бүгінгі кездесуде облыс әкімі Ербол Қарашөкеев білім мен ғылымның жас жеткіншектерге берер игілігіне тоқталып, алдағы уақытта алар асуларына сенім білдірді.

  • Ұстаздар мен ата аналарға бірлескен еңбектеріміз балаларымызды білім шыңына жетелеп, бәсекеге қабілетті отаншыл азамат еліміздің туын биік ұстайтын тұлға ретінде қалыптастыратады деп сеніммен айтта аламын. Мен облысымыздың талантты, дарынды ұл қыздарымызбен кездескеніме өте қуаныштымын,-дейді Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев

      Республикалық «Зерде» конкурсында жас ізденімпаз зерттеушілер 18 медальды иеленсе «ProEco» экологиялық жобалар конкурсына қатысқан 3 оқушы жеңімпаз атанған. ISEF-2024 Дүниежүзілік Ғылым және техника көрмесіне сәйкес өткізілген байқауға Қазақстанның әр облысынан 912 оқушы қатысқан. Аталған байқауға Жамбыл облысынан 46 оқушы қатысып, 27 жас ғалым жүлделі орындардан көрінген. Нәтижесінде, Жамбыл облысының командасы 15-ші жыл қатарынан «Ең үздік команда» номинациясына ие болды.

  • Менің ғылыми жобамның бағытында 800-ге жуық оқушы болды. Мен республика деңгейіндегі ғылыми жоба байқауынан үшінші орын алдым. Ауыл шаруашылығы барлығын автоматтандыруды ұсынып отырмын. Сол арқылы урбанизатция мәселесін алдын аламыз,-дейді қатысушы Асқар Әбдірахман

       Айта кетейік, ауылды жерлердегі оқушылардың дарыны мен қабілетін қолдау мақсатында «Мың бала» ұлттық олимпиадасына соңғы үш жылда қатысқан 27 мың оқушының 357-сі жеңіске жетті. Қазіргі күні 268 оқушы арнайы  мамандандырылған мектепке орналастырылған. Кездесу барысында облыс әкімі Е.Қарашөкеев дарынды жастарға алғыс хаттармен 100 мың теңгенің сертификатын сыйлады.  Ал, жеңімпаз оқушыларды дайындаған 11 мұғалімге Құрмет грамоталарын тапсырды. 

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *