ТАҒЫ БІР ӨНДІРІС ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
«Қазақстанда жасалған» деген мөр басылған тағы да бір отандық тауар өндірісі іске қосылды. Таразда «Алель Агро» АҚ Жамбыл филиалының өндірістік инкубатор нысаны өз жұмысын бастады. Кәсіпкерлік нысан жылына 38 миллионға жуық балапан шығаруға қауқарлы, – деп хабарлайды «Taraz24newskz» ақпарат агенттігі.
Жамбыл облысында жыл басынан бері 12,8 мың тонна құс еті өндірілген. Бұл 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 13,2 пайызға артық. Ал «Алель Агро» құс фабрикасының инкубаторды іске қосу компанияның өңірдегі құс шаруашылғын дамыту жөніндегі ауқымды бағдарламасының бір бөлігі болмақ. Тараз қаласының өндірісін өркендету мақсатындағы жұмыстар мұнымен тоқтап қалмайды. Әлі де атқарылар жұмыстар жетерлік-, дейді қала әкімі Бақытжан Орынбеков
- Тараздың экономикасын дамыту бірінші кезекте өндірістік дамытумен тікелей байланысты. Осы бағытта біздің бірталай жобаларымыз іске асырылып жатыр. Мәселен, биыл 35 млрд теңгені құрайтын жобалар іске асырылуда. Оның нәтижесінде мінекей ашылу салтанатының куәсі болып тұрмыз, – Тараз қаласының әкімі Бақытан Орынбеков.
Қазіргі таңда толығымен заманауи жабдықтармен жабдықталған фабрика оңтүстіктегі ең ірі кәсіпорындардың бірі болып саналады. Өндіріс оны жылына 37 миллион дана жұмыртқа, 70 мың тонна құс етін өндіруге қауқарлы,- дейді кәсіпорын иесі.
- Бұл өндірстік инкубатор фабрикасын ашудағы басты мақсатымыз – облысты құс етімен қамтамасыз ету болып табылады. Кейін толығымен оңтүстік облысты етпен қамтамасыз етсек деп отырмыз. Тіпті Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікістан елдеріне экспорттау да жоспарда бар. Біз жылына 37 миллион дана жұмыртқа, 70 мың тонна құс етін өндіретін боламыз,- дейді ЖО «Алель агро» филиалының директоры Берік Садулов.
Айта кетейік, қазіргі таңда Жамбыл облысында 5 ірі құс шаруашылығы кәсіпорны жұмыс істейді. Нақтылап айтсақ, «Әулие-Ата Феникс», «Алель Агро», «Қордай құс» және «БМ АгроӨнім» құс етін өндірумен айналысса, «Аса-даму» ЖШС жұмыртқа шығарады.
Қазіргі таңда фабрикада 50 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Құны 2 миллиард 689 миллион теңгені құрайтын өндірістік инкубатор заманауи құрал-жабдықтармен қамтылған. Айта кету керек инкубаторға қажет шикізаттарды компания өзі өндіреді.