BASTY BETBILİKJAŃALYQTARQOǴAM

ТАРАЗДА 160 ПӘТЕРЛІ КӨПҚАБАТТЫ ТҰРҒЫН ҮЙ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Тараз қаласындағы Ұлы дала мөлтек ауданында тұрғындардың игілігіне 2 бөлмелі 160 пәтер тапсырылды. Биыл мемлекеттік бағдарламалар есебінен салынған 42 тұрғын үй пайдалануға берілетін болады,-деп хабарлайды «Taraz24news.kz» ақпараттық агентігі.

Жаңа үйлер баспана кезегінде 15 жылдан аса тұрған азаматтарға бұйырды. Олар – жетім балалар, көпбалалы отбасылар, мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар. Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев пәтер иелеріне кілттерін салтанатты түрде табыстап тұрып: биыл тұрғын үй кезегіндегі әлеуметтік осал топтар үшін 361 пәтер сатып алынатынын жеткізді.

Мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде облыста тұрғын үйлер салу бағытында ауқымды жобалар жүзеге асырылуда. Біз облыс тұрғындарын қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету мақсатында жыл сайын тұрғын үй құрылысының көлемін ұлғайтудамыз. Мәселен, биыл облыста әлеуметтік осал топтар үшін 4,9 млрд. теңгеге 361 пәтер сатып алынатын болады,-деді жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев 

Баспанаға ие болған жас отбасының бұл ұзақ уақыттан бері күткен қуанышы екен. Ол мемлекеттің қамқорлығын жас шаңырақтар көбірек сезініп отырғанын атап өтті. Екінші перзентін екі апта бұрын ғана бауырына басқан Назым бүгін үй кілтін қолына алды.

Біз 2009 жылдан бері үй кезегінде тұрдық. Өзім балалар үйінің тәрбиеленушісімін. Жетімдер үйінен келген кезде бізді үй кезегіне қойған етін. Бүгін кезегім келіп, осындай қуанышқа кенеліп тұрмын. Осы орайда облыс пен қала әкімдеріне, тұрғын-үй саласы мамандарына алғысымді айтқым келеді.барлық қазақ баспаналы болсын. Сіздерге де осындай қуаныш бұйырсын! Толқып тұрмын.,-деді пәтер иесі Назым Баймаханбет

2024 жылы ел игілігіне 1 159 пәтер берілсе, биыл 2 390 баспана пайдалануға берілмек. Сонымен қатар, биыл тұрғын үй кезегіндегі әлеуметтік осал топтар үшін 4,9 млрд. теңгеге 361 пәтер сатып алынады. Айта кетейік, өткен жылы осындай 1 671 пәтер сатып алыған.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *