BASTY BETJAŃALYQTAR

21 МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІ ТӘРТІПТІК ЖАЗАҒА ТАРТЫЛДЫ

Әдеп жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтті. Жиында мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас-жемқорлық құқық бұзушылықтары мен әдеп нормаларын бұзуды алдын алуға бағытталған шаралар туралы есеп тыңдалды. Мамандардың айтуынша, әкімшілік қарау қорытындысының нәтижесінде 21 лауазымды тұлғаға тәртіптік жаза қолдану ұсынылды.

Мамандардың айтуынша 20 мемлекеттік қызметкерге қызметіне нұқсан келтіретін құқық бұзушылықтарды жасағаны үшін. 1-еуі этникалық нормаларды бұзғаны үшін жауапқа тарлтылған. Ал 7 азаматқа қатысты тәртіптік істер тоқтатылыпты. Әдеп жөніндегі кеңестің кезекті отырысында этикалық норманы бұзып, қызметінен босатылған 2 азамат туралы да айтылды. Ал қызметкер жұмысты толық орындамағаны туралы ескерту алған.

Сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің жұмыстан шығуына және қарамағындағы қызметкерлердің жасаған қылмыстары үшін басшылардың тәртіптік жауапкершілігіне жүргізілген мониторинг нәтижелері де айтылды.

Айта кету керек мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын бұзу фактісі 2022 жылмен салыстырғанда 50 пайызға азайған. Ал, жиын соңында Әдеп жөніндегі кеңес жауапты тұлғаларға тиісті тапсырмалар берді.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *