BASTY BETJAŃALYQTAR

ОБЛЫСТЫҚ ӘРТІСТЕР ФЕСТИВАЛІ БАСТАЛДЫ

Таразда қала күніне орай «Көне Тараз» тарихи-этномәдени кешенінде әр ауданнан келген 38 көркемөнерпаздар ұжымының қатысуымен «Өнер көзі-халықта» атты облыстық фестивалі басталды.

Фестиваль 5 күнге созылады. Мұндай ауқымды іс шара облыстық халық шығармашылығы орталығының 65 жылдығы мен Қала күніне орайластырылған. Бүгін Байзақ ауданының атынан «Шолпан» ансамблі, Меркі ауданынан «Береке», Сарысу ауданынан «Айжан қыз» би ансамблі және тағы басқалар өнер көрсетті.

Ұйымдастырушылардың айтуынша бұл шараның басты мақсаты- өнер саласындағы адамдардың әлеуетін анықтау және ауылдардағы талантты азаматтардың шығармашылық белесенділігін арттыру.

Алдағы күндері өзге аудандардан келген бірқатар би ұжымдары, фольклорлық, вокалды-аспаптық ансамбльдері өз өнерлерін қала тұрғындарының назарына ұсынады.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *