ӘБІЛХАН ҚАСТЕЕВТІҢ ТУҒАНЫНА 120 ЖЫЛ
Қазақстанның кәсіби сурет өнерінің бастау бұлағында тұрған қылқалам шебері, аса дарынды суреткер – Әбілхан Қастеевтің туғанына биыл 120 жыл. Қайталанбас қолтаңбасы бар суретшінің артында үш мыңнан астам түрлі жанрдағы картиналар қалған. Оның туындылары қазақ көркемсурет өнерінің баға жетпес қазынасы саналады.
Әбілхан Қастеев 1904 жылы бұрынғы Талдықорған облысы Жаркент қаласының маңындағы Шежін ауылында дүниеге келген. Әкесінен ерте айрылған ол сол кезден ақ бойындағы ерекше талантымен көзге түсе бастаған. Ағаш жонып, темірді иіп түрлі бейнелер жасай білген. Кәсіби білімі болмаса да суретші картиналарын академиялық деңгейде салған.
Суретшінің «Талас өлкесі», «Қапшағай даласы», «Ақсай карьері», «Колхоздағы той», «Медеу», «Жайлау» картиналары қазақтың дархан даласын, сұлу табиғатын паш етеді.
– Талғампаз мықты біраз кеңістікке арналған картиналар жазды. Өзінің шеберліктерін көрсетті, міні сол атамыздың өзіндік ерекшелігін біз бүгін өте бағалаймыз. Міні осындай шара облысымызда көп бола берсін. Суретшілерге арналған, Сурет өнеріне арналған, бейнелеу өнеріне арналған облысымызда таланттар көп. Сол таланттарды осындай жерлерде көріп, олардың да шығармашылығын Қастеев атамыздай кейінгі ұрпақ еске алып осындай іс шаралап жүретіндей мүмкіндік жасай берсін,-дейді Айдархан Сихаев, суретшілер одағының мүшесі
Қастеевтің мерей тойына орай өткізілген кеште оның еңбегі мен өмір жолы кеңінен айтылды. Анаға тағзым орталығының «Қазына» ұлттық аспаптар үйірмесінің қатысушылары халық күйі «Жарық күйі» мен «Жастар биі» орындады. Ал «Әгугәй» вокалдық үйірмесінің өнерпаз аналары «Желсіз түнде жарық – ай» әнін тамжыта шырқады.