АЛДАҒЫ КҮНДЕРІ АУА-РАЙЫ ҚАНДАЙ БОЛАДЫ?
Жамбыл облысында бірнеше күн бойын ауа температурасы күрт төмендеген еді. Тек бүгін ғана күн көзі көрініп, жылына бастады. Десе де өңірлік синоптиктер алдағы күндері күн қайта суытады деп отыр.
23-29 қаңтар аралығында ауа-райы антициклон мен атмосфералық фронттар циклонның ауысуы арқылы анықталады. Мамандардың сөзінше, бүгін және ертең облыста жауын-шашын болмайды. Алайда 25-29 қаңтар күндері өңірде жауын-шашын мен қар түсуі мүмкін. Сонымен қатар тұман, көктайғақ пен боран күтілуде.
– Облыс бойынша 23-29 қаңтар аралығында ауа температурасының түнде -7-12градус аяздан, солтүстікте, облыстың таулы аудандарында 15 градус аяздан 0-5 аязға дейін болады ал солтүстікте, облыстың таулы аудандарында -10 аяз сақталса, күндіз 3-8 градус төмендеуі байқалады,-дейді Әсия Ермекбаева, «қазгидромет» рмк жоб филиалы бөлімінің басшысы